М.ҚҰЛШАР ӨҢІРДІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМЫТУДАҒЫ ЖЕТІ БАСЫМ БАҒЫТТЫ ҰСЫНДЫ
17 қарашада «Nur Otan» партиясы БҚО филиалының кезектен тыс XXVI конференциясы өтіп, ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттығына үміткерлер анықталды. Дауыс беру нәтижесінде ең көп дауыс жинаған үш кандидат конференция шешімімен ҚР Парламенті Мәжілісінің өңірлік квотасына сәйкес партиялық тізімге енгізу үшін съезге ұсынылды. Конференция депутаттарының дауыс беруі қорытындысымен 120 дауыс жинаған Мәлік Құлшар, 116 дауыспен Жаңабек Жақсығалиев, 109 дауыспен Сәбира Сүндетова үздік үштікке ілікті.
40 жылдан астам уақыт бойы БҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында еңбек етіп келетінін атап өткен Мәлік Құлшар осы уақытқа дейін жинақтаған іс-тәжірибесін Nur Otan партиясы облыстық бағдарламасын жүзеге асыруға арнайтынын жеткізді.
Бұл ретте жеті басым бағытты ұсынып, атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
– Бірінші, Батыс Қазақстанды эконмикасы дамыған өлкеге айналдыруымыз қажет. Ол үшін жаңа жұмыс орындарын ашу, инвест-жобаларды жүзеге асыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіпкерлерді қолдауды назарда ұстаймыз. Екінші, Батыс Қазақстанды тұрғындарымыз үшін жайлы мекен жасаймыз. Ол үшін жолдарды күрделі жөндеу,ауылдарды таза ауыз сумен қамту, кезектегілерді тұрғын үймен қамту, экологиялық жағдайды жақсартуға көңіл бөлеміз. Үшінші, Батыс Қазақстан – әлеуеті жоғары өлке болуы қажет. Ол үшін медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, білім сапасын жетілдіру, мүмкіндігі шектеулі жандарға тең мүмкіндіктер жасау, бұқаралық спортты дамытуға жағдай туғызамыз.Төртінші, Батыс Қазақстан – жастардың өлкесі. Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту, оларды жұмысқа орналастыру, жастарды «Бастау – бизнес» жобасымен көбірек оқыту, жастарға жатақханалар салуды қолға аламыз. Бесінші, Батыс Қазақстан – тарихы терең, мәдениеті бай өлке. Сондықтан терең тарихи келбетін сақтап, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай, мәдениет ғимараттарын салуды, өлкетану экспедицияларын жаңғыртуды, туристік объектілер мен киелі жерлердің 3D картасын жасақтауды назарда ұстаймыз. Алтыншы, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді «Бір терезе» қағидасына көшіруді жалғастыру, аудандарда «Ашық әкімдіктерді» ашуға қол жеткізу, азаматтық қоғам өкілдері мен қоғамдық кеңес мүшелерін жергілікті атқарушы органдар жанындағы барлық қоғамдық және бақылаушы комиссиялар құрамдарына енгізу, мемлекеттік қызмет көрсетуге партиялық және қоғамдық мониторингті жүргізуді қажет деп ойлаймын. Бұл – бүгінгі күннің талабы. Жетінші, Батыс Қазақстанды қауіпсіз өлке жасаймыз. Smart Uraksk жобасын одан әрі жетілдіру, интеллектуалдық қиылыстар санын көбейтуді жүзеге асырамыз, – деді Мәлік Иманқұлұлы.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Бқо ауыл жағдайына аса назар
аударсаңыз.
Malik Imankul uli kogamnin azamati! Matematika zhaginan bukil problemalardi karatuga galimdar ulgi aluda. Brtalai Glimi Praktikalik konferenciyda pikirlestik. Elbasinin zholdaunda Aglomeraciy takribin a kelgende BKO deputattari talkladi,”Zhanaru” sbailas zhemkorlikka Zhalpi ulttik kozgalisinda ozinen tis zhbergenzhok. Inzhenerlik Akademiysinin mushesi, Korrespondent mushesi, Texniko Galimdardin Magistri.. Ustaz.Matematik.. .Saysatshi.Diplomat.Ake.Ata.Zhaksi dos.Zhanashir. Sattlik Sizge Malik Imankululi!
Керемет пікіріңіз үшін алғысымызды білдіреміз!