8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қараша 2024 5754 0
Қалалықтар қаперіне

Мәдениеттің мәселесін талқылады

Бүгін, қарашаның 29-ы күні, «Атамекен» өнер орталығында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова Оралдағы азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті.


Жиынды облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дархан Қаныбекұлы ашты. Өз кезегінде ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Амангелдіқызы мәдениет және ақпарат саласындағы басым бағыттар туралы тарқатып айтты.

– Батыс Қазақстан облысы –  тарихы терең,мәдениеті бай,өнер мен ерліктің елі атанған,талай тарландар шыққан өлке. Ұлттық мәдениеттің дамуында орны ерекше Ақ Жайыққа Президенттің тапсырмасына орай келіп тұрмын,-деді А.Құрманова.

Вице-министрдің айтуынша, 2029 жылға дейінгі тұжырымдама бойынша үстіміздегі жылы республика бойынша 44 нысан іске қосылып, 260 нысан күрделі жөндеуден өткен.

Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының жөндеуі аяқталмай, облыс әкімінің тапсырмасына сай қайтадан конкурс жарияланған.

Сондай-ақ жас қаламгерлерді қолдау,әдебиет, ұлттық кино саласы, креативтік индустрия жөнінде тоқталған вице-министр республикалық комиссияның келісімімен тұлғалар тізімін көшелерге беру мәселесі, еңбек адамдарының мәртебесін көтеруді де тілге тиек етті.

– Ақпараттық саясат, қоғамның медиа саласындағы заңнамалықтарды және онлайн жарнамаларды қайта қарастырамыз,- деген Айзада Амангелдіқызы сауалдарға жауап беріп, жеке мәселелер бойынша тұрғындарды жеке қабылдады.

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ
Бұл туралы газетіміздің келесі санынан оқисыздар.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
134 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
121 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
347 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»