ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ КЕҢІНЕН ТОЙЛАНАДЫ
Құрметті Оралдықтар мен қала қонақтары!
Сіздерді, 21-22 наурыз күндері қаланың барлық аудандарында өтетін мерекелік концерттер мен ұлттық ойындарды және театрландырылған көріністерді тамашалауға шақырамыз!
🔶 21 наурыз күні сағат 11.00-де Серебряков ауылында, Зачаганск кентіндегі №50 мектеп аумағында, Құс фабрикасы ауданындағы спорт алаңында, Деркөл кентіндегі №49 мектеп аумағында, Желаев селолық округінде, Шолохов көшесіндегі «Сәлем» базары аумағында, Жұлдыз шағынауданының «Айзат» мейрамханасы алаңында «Берекелі әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтеді.
🔶 22 наурыз күні сағат 11.00-де Круглоозерный кентінде, Зачаганск кенті әкімдігі алдында, Мөңкеұлы тынымбағында, А.Н.Островский театры алдында, Чапаев алаңында (Теміржол вокзалы аумағы), Денсаулық саябағында (Ет комбинаты), Алтын Алма базары алаңында, «Деркөл» мәдени-демалыс саябағында ұлттық ойындар және театрландырылған көріністер қойылып, мерекелік концерттер қойылады.
«ЗАМАН» тобы өнер көрсетеді.
🔶 Сонымен қатар 14-19 наурыз күндері аралығында сағат 10.00, 12.00, 14.00, 16.00-де Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында «Наурыз-думан» атты балаларға арналған ертеңгіліктер өтуде.
🔶 20 наурыз күні сағат 17.00-де Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында Н.Хикметтің «Шығыстың шерлі махаббаты» қойылымы көрермен назарына ұсынылады.
🔶 22 наурыз күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін қаламыздағы ірі сауда үйлерінде көркемөнерпаздардың концерті және қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
🔶 Ал қала бойынша басты мерекелік іс-шара 22 наурыз күні сағат 11.00-де Тұңғыш Президент алаңында өтеді. Мұнда қалалық, облыстық көркемөнерпаздар және елімізге танымал «Заман» тобы өнер көрсетеді. Көрермендер арасында ұлттық ойындардан сайыстар оздырылады.
🔶 Мейрамға орай Тұңғыш Президент алаңы және Қазыбек би көшесінің бойында барлығы 14 киіз үй тігіледі. Киіз үйлерде қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көріністер қойылып, қолөнер көрмесі көрермендер назарына ұсынылады. Сонымен қатар мерекелік іс-шара өтетін барлық аумақтар безендірілетін болады.
🔶 Сондай-ақ 19-20 наурыз күндері Ықсанов көшесі бойында және Зачаганск кентіндегі «Жәңгір хан» сауда үйі алаңында мерекелік ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді-, деп хабарлайды Орал қаласының баспасөз қызметі.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу