ҰЛЫҚ АЙДА БАЛАЛАР ҚУАНДЫ
Қасиетті Рамазан айында алғаш рет Орал орталық мешітінің бастамасымен, облыс бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Рамазанға сағыныш» атты балалар арасында бейнебаян мен сурет салу сайыстары болып өтті, деп хабарлады ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі.
Алдымен орталық мешіттің наиб имамы Наурыз Убаев сөз алып, ұлық аймен құттықтап, сайыстың маңыздылығына тоқталса, Әйел-қыздар секторының өкілі Анар Демеутова сайысқа 60-тан астам баланың қатысқанын жеткізіп, олардың шығармаларының ерекшеліктері туралы айтып берді.
Сайысқа қатысқан барлық балаларға кітаптар мен тәттілер таратылды.
Балалардың ата-аналары ақ тілегін айтып, қасиетті Рамазан айымен арнайы кұттықтап, ыстық ілтипат білдіргені үшін Наурыз имам мен Анар ұстазға алғыстарын білдірді.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Пікір үстеу