8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Маусым 2018 2151 0
Жалын

«ҰЛТТЫҚ ӨНЕР СҰРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ»

Жалғас Сұлтан. Бұл – қазақ өнерінде жаңадан таныла бастаған есімдердің бірі. Ұлттық арна эфирінен берілген «Қазақстан дауысы» жобасында төрт тәлімгерді бірден өзіне қаратып, дүйім жұртты диапазоны ашық, кең даусымен тамсандырған еді. Оралдан шыққан өнерпаз бүгінде Елордада еңбек етіп, өз ізін қалдыруға талпынып жүр. Жуырда Батыс Қазақстан облысындағы Астана күндері аясында өңірге келген жерлесімізбен арнайы кездесіп, әңгімеге тартқан едік. 

– Жалғас, жұртшылық сенің қазіргі хал-ахуалыңды білгісі келеді?

– Мамандығым бойынша Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясында халық әндерін орындаушы болып қызмет жасаймын. Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Дәстүрлі ән» мамандығы бойынша төрт жыл оқып, білім нәрімен сусындадым. Үшінші курста филармонияға шақырту алып, сол уақыттан бері міне, үш жыл өтті бас қалада жұмыс жасап келемін. Сондай-ақ жеке әнші ретінде эстрадалық әндерді де орындап жүрмін.

– Өнерге қалай келдің? Отбасың туралы айтып берсең.

– Әкемнің аты – Шаймұрат. Қамария есімді батыр анам бар. Үйде он баланың кенжесімін. Марқұм әкем әнді жақсы айтатын. Анамның да бір кісідей дауысы бар. Отбасымның әр мүшесі өнерден кенде емес. Қазір әрқайсысы әр салада еңбек етіп келеді. Өнер жолында жүрген мен ғана. Бала кезден эстрадалық әндерді орындап жүрдім. Кейін колледжде, университетте кәсіби түрде домбыраны қолға алдым.

Құрманғазы атындағы саз колледжінде бір жыл Қатимолла ағамыздан сабақ алдым. Одан кейін Сәуле Таудаевадан оқып, бітірдім.  Өнердегі ұстазым – Сәуле апам. Өйткені ол кісіден өнермен өмір сүрудің жолдарын үйрендім, бір сөзбен айтқанда  өнер әлеміне бағытталып, аталмыш әлемге қанаттандым. Қазақ ұлттық өнер университетінде Қайрат Байбосыновтың кафедрасында Рысты Сүлейменованың класында оқыдым.

– Естуімізше, өмірлік серігің де өнерден  құр алақан емес екен.

– Иә, Астана қаласы мемлекеттік филармониясының «Шалқыма» халықтық би ансамблінің әртісі. Есімі – Айжан. Әйкенай есімді қызымыз бар.

– Орындауыңда «Әйкен-ай» деген әнің де бар ғой. Қызыңның есімін сол әнге байланыстырып қойдың ба?

–  Сегіз серінің бұл әні менің бойтұмарыма айналды. Ән жаздыртпас бұрын, атауы ерекше ұнады. Сазы да бөлек. Әрі таңсық, нәзік естіледі. Сондықтан қызыма осы есімді еншіледім. «Әйкен-айдан» басқа 6-7 авторлық ән жазылды. Бірқатар әндерді домбырамен орындаймын.

– Жас әншіні халыққа танытатын, жарыққа шығаратын продюсер. Сенің де продюсермен жұмыс жасап жүргеніңді естідік.

– Иә, екі жыл көлемінде Мейіржан Әлиақбаров есімді продюсермен жұмыс жасадым. Бірақ, ортақ шығармашылығымыз қазір тоқтап тұр.

Себебі, менен де, ол кісінің тарапынан да қателіктер болды. Әрі келісімшарттың болмауынан түрлі мәселелер туындады. Бірақ, оған өкінбеймін. Продюсермен жұмыс жасап, үлкен тәжірибе жинадым. Бірнеше конкурстарға қатыстым. Жақсы әндер жазылды. Осылайша, әдемі бастағанымызбен, әндерді ротациялауда тоқтап қалдық. Сол себепті мен бірінші болып бас тарттым.

– Ротациялаудың өзі ақшаға тіреледі ме?

– Міндетті түрде. Демеушілер табылмады.

– Продюсермен жұмыс жасап жүргеніңде бейнебаян түсіретіндеріңді айтып, жерлестеріңді қуантқан едің. Сол клип түсірілді ме?

– Жоқ, реті шықпады. Айналып келгенде барлығы қаражатқа байланысты ғой. Ресжиссерлық жұмысы бар, актерларға да төлеуің керек. Аяқ басқан сайын ақша. Сапалы дүние шығару үшін қыруар қаржы қажет. Оған жағдай болмай тұр.

– Дәстүрлі әншілеріміздің көбі уақыт өте келе эстрадаға кетіп жатады. Сен де солай қалыптасып келесің. Мұның себебі неде. Ақша табудың амалы ма?

– Дәл бұлай кесіп айтуға болмас. Әнші белгілі бір бағытпен шектеліп қалмауы керек. Заманауи әншіге жан-жақтылық керек. Өзім эстрада, рок бағытындағы әндердің барлығын тыңдаймын. Шамам жетіп тұрса неге айтпасқа? Эстрада – біздің заманымызға қатты ағыспен келген үлкен толқын. Сол себепті осы жанрда біраз әндер жазғызып, орындап жүрмін. Тыңдармандарым жақсы қабылдауда. Эстрада мен дәстүрлі әнді қатар алып жүре алсам, өнерге қосқан зор үлесім деп санаймын. Өзінің тыңдарманы бар ұлттық өнеріміз ешқашан сұраусыз қалмайды.

– Сені халыққа танытқан «Қазақстан дауысы» жобасы. Алайда екінші айналымда-ақ жобадан шығып қалдың. Ол уақытта Оралдың атынан қатысқан едің. Ал «Жас қанат» байқауына Астананың атынан қатысып, жүлдегерлер қатарынан көріндің. Жалпы өнердегі жетістік әншінің қай өңірдің атынан шыққанына байланысты ма?

– «Жас қанат» – өмірімдегі ең үлкен эстрадалық конкурстардың алғашқысы. Ол кезде Оралдың атынан қатысуыма болар еді. Бірақ, бұл өңірден қатысушылар болды да, ортақтасқым келмеді. Астананың атынан қатысушылар болмады. Сондықтан өтінішті Елорданың атынан бердім. Әрі бұл уақытта қызметім де бас қалада еді. Шын талант қай жерде де жарып шығады.

Бұдан бөлек Кеңес Дүйсекеев ағамыздың байқауына қатысып, дипломант атансам, Шәмші әндерін орындаушылар байқауында лауреат болдым.

–  Өзіңізді теледидарлық жобалардан тағы көре аламыз ба?

– Ойда бар. Отандық телеарналарда «Жанды дауыс», «Жеті ән» деген ел сүйіп қарайтын, жас таланттарды ынталандыратын кереметтей шоу-бағдарламалар жетерлік. Сол ортада жүргеннен кейін жанды дауыста ән айтудан қашпаймын. Мүмкіндік шығып жатса, оны да көреміз.

«Жігітке жеті өнер де аз» дейді. Халық түгілі өзімнің де білмейтін қасиеттерім бар екен. Кеш жүргізу, ұйымдастыру сынды өнердің біраз саласында өзімді сынап көрдім. Енді кино өнерінде байқап көргім келеді. Кастингтер болса, қатысуым мүмкін.

– Танылып, өнер биігіне көтерілу үшін «көкелердің» көмегі керек шығар?

– Таныс міндетті түрде керек. Дегенмен, адамның өзінде талпыныс болуы тиіс. Ағалардың көмегіне сүйеніп, көкелерді жағалағаннан гөрі, еңбекпен қол жеткен табыстың орны бөлек қой. Өнерді өміріңе айналдырып, шынайы кірісер болсаң, алынбайтын қамал жоқ. Нәтиже де болады.

– Ол үшін қандай жұмыстар жасап жүрсің?

–  Көп жерде «арық сөйлеп, семіз шыққанды» жөн көремін. Бұл жоспар жария түрде әлі айтылмады. Бірақ, жерлестеріммен бөлісе кетейін. Сәтін салса, жаңа топтың құрамында өнер көрсетемін. Оның демеушілері де, музыкалық жағынан қолдаушылары да бар.

        Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
25 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
241 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
734 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1111 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1051 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1472 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2089 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2256 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2262 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2311 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2317 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1965 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2796 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2849 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2845 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3455 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3427 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3413 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3391 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3555 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3601 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»