ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАҒЫ ТӘРБИЕ – БАСТЫ ИММУНИТЕТ
Өскелең ұрпақты теріс ағымдардың арбауынан сақтаудың амалы – ұлттық құндылықта тәрбие беру. Бала кезден бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп өскен ұрпақтың иммунитеті берік болады. Қала бойынша дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері мен оқу орындарында дін мәселелерімен айналысатын мамандарға арналған семинарда осы мәселеге назар аударылып, республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Р.Чингужанов жастар арасындағы экстремизм мәселелері туралы дәріс берді.

Дін туралы түсінік қалыптастыруда жасөспірімдердің бойында үрей тудыру жөнсіз. Ата-аналар дін мамандарын үйге шақыру арқылы балаларына дінді танытуға ықыласты болуы керек. Дін туралы естіп-білмеген бала есейе келе жаңа ортаға түскенде өзгелердің арбауына оңай түсуі кәміл. Өйткені оның бойында алғашқы іргетас «құйылмаған». Теологтың сөзінше, өз дінін өзі дұрыс танымау – теріс бағытқа түсудің негізгі себебі.
– Теріс бағытқа түскендерге жүргізілген зерттеу олардың орыстанған, яғни қазақы ұлттық құндылықтарынан айырылғандар екенін көрсетіп отыр. Тілді білмейтіні өз алдына көше түсінігімен өскен, ұлттық құндылықтардан мақұрым қалғандар. Жастарды теріс жолдан сақтаудың бірінші жолы – дін туралы түсіндіру болса, екіншісі – ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Зерделеу көрсеткендей, теріс жолға түскендер қайнар бұлағынан сусындамаған, тамыры шабылғандар екенін байқаймыз. Түрі қазақ болғанымен, өзге тілде ойлап, батысша амал ететіндер. Тілімізде «обал болады», «ұят», «берекет» деген тәрбиелік түсініктер бар. Бұлар өзге тілге мағынасы бұзылмай аударылмайды. Сондықтан өз ана тілімізге келу маңызды. Жастарды радикалданудан сақтандыру үшін қайнар бұлағымызды – салт-дәстүрімізді жаңғыртып, мақал-мәтелдермен, классик жазушыларымыздың шығармаларымен тәрбиелеуге бет бұруымыз керек, – дейді теолог Рауан Жұмабайұлы.
Исламды түсіну үшін діни терминдерді, тарихи оқиғаларды білу керек. Аят пен хадистер әр тарихи оқиғаға байланысты түсіп отырған. Оларды бөле-жара қабылдап жүргендердің қате пікір айтуы бек мүмкін. Сондықтан біртұтас түсінік болуы керек. Семинар барысында теолог осы мәселеге ерекше назар аударып, Қасиетті Құранның алғашқы түскен аяты білім алуға шақыратынын еске салды. Сондай-ақ адамның бес күші, радикалдану себептері мен алдын алу жолдары, иммуниттет қалыптастыру туралы айтып, үмітсіздік, үстемдік құру, асығыстық, ешкіммен санаспау, жауапкершіліктен қашу, басқалардың жауапкершілігінен әсер алу, физикалық жау, рахаттануға бейім болу сынды қасиеттер жұмыс жасауда бөгет болатынын түсіндірді. Қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен өткен семинарға қатысқандарға сертификат берілді.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу