«ӨЛКЕТАНУ» КУРСЫ ЕНГІЗІЛДІ
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес ағымдағы оқу жылының үшінші тоқсанында 5-7 сыныптарда «Өлкетану» курсы енгізілді. Бүгін БҚО білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында жаңа курстың оқытылуы туралы баяндады.

Аталған курс «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «География» және «Музыка» пәндерінің аясында кіріктіріліп оқытылмақ. Оқу жүктемесінің көлемі – 20 сағат.
– 5-сыныпта бес сағат, 6-сыныпта – жеті сағат, 7-сыныпта – сегіз сағат оқытылады. Бұл курсты енгізу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы оқу бағдарламасын жасақтады. Осы бағдарламаға сәйкес әр өңірдің курс бойынша оқулығы дайындалды. Оқулық туған өлкенің табиғаты мен табиғи ерекшелігін, өлке тарихы мен халықтың даму тарихын, этнографиялық ұлттық ерекшеліктері мен демографиясын, топонимикасын, өнерін, мəдениетін т.б. қамтиды. Оқулықты құрастыруға облыстың жоғары оқу орындарының ғалымдары, тәжірибелі педагогтер, әдіскерлер, барлығы 17 қызметкер тартылды. Сонымен қатар 11 қызметкерден құралған эксперттік топ оқулықтың мазмұнына сараптама жасады, – дейді Шолпан Маратқызы.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу