8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қыркүйек 2025 1876 0
Жалын

«Үлкен сахналардан орын алады…»

Қала күні мерекесіне орай Оралда жас ақын, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, белгілі қаламгер Дәурен Шамұратовтың шығармашылық кеші өтіп, оған Орал қаласы әкімінің орынбасары Аслан Тапишев қатысып, құттықтау сөз сөйлеп: «Дәуреннің қаламынан туған жырлар жүрекке жол тауып, әуезді әнмен үйлескенде халықтың ыстық ықыласына бөленді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Ұлттың рухани әлеуетін арттыру – елді дамытудың басты тетігі». Бүгінгі кеш – соның нақты көрінісі. Біз сенеміз, Дәуреннің туындылары әлі талай жүректерді жаулап, үлкен сахналардан орын алады», – деді.

Ақынның поэзияға қосқан үлесін саралап, көпшілікке кеңінен таныстырған маңызды мәдени шарада Дәурен Шамұратов қаламынан туған жырларын да көрермен назарына ұсынды. Ақын бүгінде Орал қалалық тілдерді оқыту және дамыту оқу-әдістемелік орталығын басқарып жүр. Сондай-ақ, ол республикалық және жергілікті арналардағы жобалардың сценарийін жазып, шығармашылық бағыттағы ізденістерін жалғастыруда. Дәуреннің қаламына тиесілі еңбектер қатарында Димаш Құдайберген, Рүстем Жүгінүсов, Қуаныш Кеңес, Айымбек Саржан сияқты қазақ эстрадасының жұлдыздары орындаған әндер бар.

Бұл туралы толығырақ «Жайық Үнінің» 18-қыркүйектегі санынан оқуға болады.

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
114 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
366 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»