Әлеуметтік қызметкер – алғыс арқалайтын арда мамандық!
Айлары асығыс, күндері қауырт өтіп жатқан қоғамның мейірім мен қайырымға, аялы алақанға мұқтаж екені жиі байқалады. Тағдыр жазуымен егде жаста жалғыз өмір сүруге мәжбүр қарттар мен дерттері жас талғамайтын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де ыңғайлы, біртұтас ағзадай жүйелі жағдай жасау – біздің қоғам алдында тұрған маңызды міндет. Әлеуметтік қызметкер – арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар мамандық иелері. Жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік қызметкерлер күні аталып өтеді. Əлеуметтік сала – еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Осы орайда “Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында” “Әлеуметтік сала қызметкерлері” мерекесіне орай орталығымыздың мәдени ұйымдастырушылармен және “Қазақстан халқы Ассамблеясымен” бірлесе “ Ізгі істің иесі” атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараның салтанатты ашылуына БҚО “ Қазақстан халқы Ассамблея” төрағасының орынбасары Д.А. Саратов және “Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” директоры А. У. Даулетов сөз сөйлеп, әлеуметтік сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, жұмысымен ерекшеленген ең үздік әлеуметтік қызметкерлер марапатталды.Мерекелік кеште “Мұра” балалар вокальдық ансамблі, Алматы қаласында өткен халықаралық фестивальдің Гран-при иегері, “ Малиновые зори” балалар халық би ансамблі, “ Ағалар” қазақ халық ансамблі” өз өнерлерін көрсетті.
Динара Мұратбекқызы
Фото: Рафхат Халелов
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу