ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ШАТЫРЫ ҰШТЫ (сурет)
БҚО-да қатты желдің салдарынан ғимараттардың шатырлары мен қаптамалары құлады.

Орал қаласында электр желілерінің үзілу жағдайлары тіркеліп, бірнеше шағын аудан жарықсыз қалды.
Сондай-ақ БҚО ТЖД хабарлауынша, қатты желдің салдарынан сағат 16.15-те Қазталов ауданы Жаңажол ауылында қатты желдің салдарынан Жаңажол ЖБОМ-ның ауданы 120 шаршы метр болатын жабыны жұлынып кеткен.
Ал сағат 16.30-да Жәнібек ауданы Жәнібек ауылындағы М.Б.Ихсанов атындағы колледждің ауданы 24 шаршы метр болатын спорт залдың жабыны ұшып кеткені туралы хабар түстi.
Сағат 15.40-та Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 3-үй мекенжайындағы Халықты жұмыспен қамту орталығының шатыры (ауданы 25 шаршы метр), Қазталов ауданы Қазталов ауылындағы Шарафутдинов көшесі, 5 мекенжайындағы «Қазпочта» АҚ-сының жылуұстағыш жабыны (ауданы 25 шаршы метр) ұшып кеткен.
Сағат 17.20-да Орал қаласы Н. Назарбаев даңғылындағы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ауданы 40 кв.м жылуұстағыш қаптамасы (алюкобонд) қатты желдің салдарынан құлады.
Кешкі сағат 19.30-да Орал қаласы Мөңкеұлы 114/1 мекенжайындағы №47 орта мектептің және Некрасов көшесі 16/2 мекенжайындағы №38 мектеп-лицейдің шатыры ұшып кетті. №38 мектеп-лицей шатыры қалпына келтірілуде. Сондай-ақ Қазталов ауданындағы Талдықұдық ауылындағы Есетов атындағы мектептің шатыры ұшып кеткен.

Төтеншеліктер, ертең 6 тамызда да облыс аумағында жел күшейетінін ескертуде.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу