ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ТУРАЛЫ СЕГІЗ ҚАТЕ ТҮСІНІК
1. Медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастырмайды, емдеу бұйрықтары мен хаттамаларын бекітпейді. Ол үшін уәкілетті құзыретті орган бар-ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
2. Қор медициналық тексеруге жолдама бермейді, емдеу тактикасын айқындамайды, дәрілік препараттарды тағайындамайды және рецептілер жазып бермейді. Мұны емдеуші дәрігер, бекітілген емхананың терапевті немесе емделуші емделетін клиника жасайды.
3. Пациенттерге медициналық көмекті осыған тиісті лицензиясы бар клиникалар көрсетеді. Қордың міндеті-оны ұсыну сапасын бақылау. Егер пациент өз құқықтарының бұзылуына тап болса, ол кері байланыстың ресми арналары арқылы Қорға жүгінуге құқылы. Қажет болған жағдайда сарапшылар жоспардан тыс тексеру жүргізеді.
4. Емханаларда медицина кадрларының жеткіліктілігі, олардың біліктілігіне сәйкестігі, клиникаларда медициналық жабдықтардың болуы және нақты елді мекенде клиникалардың болуы мәселелерін Қор емес, Денсаулық сақтау басқармалары реттейді.
5. Қор дәрігерлердің жұмыс кестесін құрмайды, жеке емханаларда ұйымдастыру мәселелерімен айналыспайды – дәрігерлердің қабылдауына жазбайды-мұнымен медициналық ұйымның бірінші басшысы және медициналық ұйымның ішінде осыған уәкілеттік берілген адамдар айналысады.
6. Қор медициналық ақпараттық жүйелердің, атап айтқанда Damumed-тің иесі болып табылмайды және пациенттердің жеке кабинеттеріне қол жеткізе алмайды. Қордың сақтандырылған тұлғаларды есепке алу бойынша ақпараттық жүйесі бар және пациенттер мен қазақстандықтардың дербес және медициналық деректерінің сақталуына және таратылмауына толық жауап береді, атап айтқанда берілген ЖСН-ді үшінші тұлғаларға бермейді.
7. Қор емханаға тіркелумен айналыспайды және мақұлдауға немесе тіркеуден бас тартуға «әсер ете» алмайды. Егер сіз негізсіз бас тартуға тап болсаңыз, өз аймағыңыздың Денсаулық сақтау басқармасына немесе Медициналық сақтандыру қорына ресми байланыс арналары арқылы хабарласыңыз – бірыңғай байланыс орталығының 1406 нөміріне қоңырау шалу немесе өтінішті Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы немесе fms.kz сайтта қалдыру.
8. Жарналар мен аударымдар тікелей медициналық сақтандыру қорына түспейді. Олар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы өтеді және Ұлттық банктегі арнайы шотта жинақталады, сол жерден халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің төлемі жұмсалады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу