8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қаңтар 2020 1508 0
Қоғам

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ӨРКЕНИЕТКЕ ІЛЕСУ

 Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты.

Иә, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мемлекетіміздің алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп, өркениетті елдер қатарына қосылуына ықпал етері сөзсіз. Ғалымдарымыз да осы қаріпті қолдану арқылы әлемдегі ең дамыған өркениетті  елдермен тереземізді теңестіре аламыз деген пікір айтып, оның тиімді тұстарын дәлелдеп бағуда. Шынында да ғаламторды ақтарып қарасақ, латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі саналады екен. Демек болашағы зор деген сөз. Сондықтан Елбасының шешімін қолдап, оны әрі қарай жүзеге асуына біз өз саламызда  үлесімізді қосуға дайынбыз. Бұл ретте өңіріміздің білікті тіл мамандары мен оқытушы-профессорларының  қатысуымен ұйымдастырылып жатқан  мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшірудің жаңа стандарты жөніндегі бірнеше  дөңгелек үстел отырыстарына қатыстық. Сондай игі шаралардан түйгеніміз –  латын әліпбиіне көшу арқылы біз санамызды сіңіп қалған орыс тіліне деген тәуелділіктен босатамыз. Жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы тіліміздің таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Ендеше орыс тіліне жалтақтай берушіліктен арылып, латын қарпі негізінде ұлттық кодымыз қалыптасып, ұлт ретінде дамуымызға жол ашылады. Бұл міне Елбасымыз бағдарламалық мақаласында айтқандай, ұлттық код, ұлттық мәдениетіміздің сақталуы.

Қазақ тіліне тән емес әріптерді әліпбиден шығарып тастау арқылы халықаралық терминдерді қазақ тіліне бейімдеуге және латын әліпбиіне көшу ағылшын тілін игеруге зор ықпалын тигізеді екен.  КСРО ыдыраған сонау ХХ ғасырдың аяғында біразы көшкен бауырлас түркі халықтары қазір өздерінің басымдығын сезініп отыр. Дамығандығын көрсетіп отыр. Біздің де мақсат сол дамыған 30 елдің қатарына кіру. Еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдарының бірі. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі». Компьютер заманында интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліппбиі екенін мойындаймыз, астымыздағы көлігіміздің нөміріндегі таңбалар латынмен, қолымыздағы куәлігіміз бен төлқұжатымыз да әу бастан латынмен жазылды.  Коғамдағы осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады яғни латын әліпбиі бізге таңсық емес. Ол біздің қоғамға еніп кеткен. Оны еліміздегі кез-келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі. Латынға көшкенімізден ұтатын тұстарымыздың ең бастысы – тіліміздің тазалығы.

Әліпбидің үшінші нұсқасы қабылданғаннан бері облысымызда мемлекеттік   қызметшілермен де жұмыстар жүргізіліп, диктанттар алынды.       Тіл саласындағы мамандарымыздың, ғалымдарымыздың еңбегін бағалап, ел болашағы үшін қабылданғалы отырған маңызды шешімге қолдау көрсету, жақсыны үйренбекке ұмтылу – жүрегі елім деп соққан әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті болмақ.  Бізден тілек – ұлт үшін маңызды осы мәселенің оң шешіліп, жаңа әліпбиді үйрететен сапалы мамандар қатары көбейсе екен.          Жұмыла көтерген жүк жеңіл  деп дана халқымыз айтқандай,  өркениетке жету жолында нақты,  нық қадамммен алға  басайық!

Г.ҚАРАҒОЙШИЕВА, Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
113 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
88 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»