8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қаңтар 2021 2281 0
Қоғам

ҰЛАНДАР ЖАҢА ОҚУ КЕЗЕҢІН БАСТАДЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде жаңа-қысқы-оқу кезеңі басталды. Пандемияның таралуына байланысты іс-шара санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өтті.

Оралда  жаңа оқу кезеңінің басталуымен жеке құрамды Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік -құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Әлібек Сералиев құттықтады.

–Бүгін дәстүрлі түрде құқықтық тәртіп әскерлерінде жаңа оқу кезеңі басталды. Сондықтан Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас Қолбасшысы Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің алдына 2021 жылға бірқатар міндеттер қойды, олардың арасында әскерлердің жауынгерлік әзірлігін жоғары деңгейде ұстау, олардың жауынгерлік қабілетін арттыру, жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін нығайту маңызды орын алады. Осы ретте «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы 2021 оқу жылының жауынгерлік сайысына белсене қатысып, жауынгерлік машық пен әскери тәртіпті жоғары деңгейге кол жеткізетіне кәміл сенемін,–деді генерал-майор Әлібек Сералиев.

Салтанатты жиыннан кейін әскери бөлімнің клубында жеке құраммен жаңа қысқы оқу кезеңінде мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша бірінші сабақ өтті, оны Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Әлібек Сералиев өткізді.

Дәстүр бойынша әскери оқу және жауынгерлік қызмет озаттары Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Әлібек Сералиевтің алғыс хаттарымен марапатталды.

Содан кейін бөлімнің өзегінде көрнекі құралдармен жабдықталған он төрт оқу орны орналасты, онда топ басшылары жеке құрамды күнделікті қызметтік-жауынгерлік қызметте мүлтіксіз сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.

Атап айтқанда, ұландықтар қарумен, оқ-дәрілермен, арнайы құралдармен жұмыс істеу кезінде; автомобиль көлігімен маршты жасау, отырғызу және одан түсіру кезінде, жанар-жағармай материалдарымен және басқа да улы техникалық сұйықтықтармен жұмыс істеу кезінде; әскерлердің тактикалық дайындығы бойынша практикалық сабақтар өткізу кезінде; жауынгерлік қызмет міндеттерін орындау кезінде қауіпсіздік талаптарын қайталады.

 

Ерболат Сұлтанов, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы, подполковник

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»