ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗИЯТКЕРЛІК МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ
Орал қаласында әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында «Фараби оқулары» аясында «Әл-Фарабидің ғылыми-зияткерлік мұрасы» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Облыстағы 30-дан аса арнаулы оқу орындары студенттері қатысқан конфренцияны Республикалық жоғары техникалық колледжі ұйымдастырды.

Конференция шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі Әбу Насыр Әл-Фарабидің еңбектерін кеңірек таныстыру және насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. «Әл-Фараби және мәдениет», «Әл-Фараби математика және астрономия ғылымында», «Әл-Фараби жаратылыстану ғылымында», «Әл-Фараби философия ғылымында», «Әл-Фараби филология ғылымында» бағыттары бойынша бес секцияда студенттердің зерттеулері бойынша дайындалған 45 баяндама тыңдалды. Әл-Фарабидің өмірі, әлеуметтік-этикалық, саяси, философиялық, діни көзқарастары, мемлекет басқару, ізгілікті қоғам жөніндегі гуманистік идеялары, ғылымның әр саласын қамтитын тракттаттары мен тұжырымдарының рухани құндылығы мен маңызы тереңнен қозғалды.
Конференция қатысушыларының жұмыстарын М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері сарапқа салды. Үздік зерттеу жұмыстарының авторлары білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.








Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу