ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1150 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ
«Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр Әл-Фараби 1150 жылдығына орай Орал қаласында ғылыми-практикалық конференция өткізу жоспарланған. Бұл туралы бүгін атаулы даталарға орай өтетін шаралар пысықталған жиында айтылды. Басқосуға қала әкімі Абат Шыныбеков пен атаулы мерейтойларды өткізу бойынша құрылған жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Биыл шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фараби 1150 жылдығы. Ғұламаның 1150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілмек. Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиевтің баяндауынша, ғылыми-практикалық конференциямен қатар “Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы, ұлтымыздың мақтанышы” атты кинолекторий, кітап көрмелерін өткізілмек. Сонымен қатар қалалық жолаушы көліктеріне атаулы мерейтойларға арналған брендбук негізінде бейнелері мен нақыл сөздері бейнеленген постерлер жапсырылып, ғимараттардың қабырғасына стрит-арт салу жоспарланып отыр.
Әбу Насыр Әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келген. Ғұлама ойшылдың толық аты-жөні – Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу