КУРСҚА ҚАТЫСҚАН АЛТЫ ҚЫЗМЕТКЕР ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, кадрлық потенциалын нығайту және арттыру мақсатында Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы курстар өткізеді.

Биыл академияның өкілі А.Аманқұловтың қатысуымен Батыс Қазақстан облысының прокуратурасында 7 оқыту курсы өткізілді. Оған 88 қызметкер қатысты. Олардың алтауы экономикалық тергеу департаментінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мамандары.
Оқу процесіне тәжірибемен алмасу үшін судьялар, прокурорлар, адвокаттар, сарапшылар және тергеушілер де шақырылды. Сонымен қатар 33 жас маманға «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі», «Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі», «Е-қылмыстық іс», «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» және «Oracle BI» ақпараттық-талдамалық жүйелері онлайн режимде түсіндірілді.
Сынақтан өткеннен кейін қызметкерлерге курсты аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталды.
БҚО Прокуратурасының өкілі Б.Ахметжанның мәліметінше, курстарға қатысқаннан кейін прокуратураның алты қызметкері жоғары лазауымға тағайындалған.
Біліктілікті арттыру курстары қызметкерлердің дағдыларын жетілдіруге және кәсіби кадрлық құрамды қалыптастыруға септігін тигізетіні сөзсіз.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу