«Куәлігінде – майор,погонында –капитан»
Әлеу желіде референдумға келген полиция қызметкерінің видеосы талқыланып жатыр. Полицейдің қызметтік құжатында майор екені жазылған, алайда ол капитан погонын тағып алған. 5 маусымдағы референдум кезінде Бөрлі ауданындағы сайлау учаскелерінің бірінде қызық оқиға болған. Оқиға видеосы Beknur Srazhanov You Tube-арнасында жарияланды.
Қызметтік міндетін атқару кезінде полиция қызметкерінен құжаттары сұралған. Бірақ куәлік пен погондағы шен сәйкес келмеген. Құжаттар бойынша тәртіп сақшысы – майор, ал погонына қарағанда капитан.
БҚО ПД баспасөз қызметі мәліметінше, оған 30 мамырда полиция майоры шені берілген, ал қызметтік куәлік БҚО Полиция департаментінде жасалып, 5 маусымда таңертең сайлау учаскесінде табысталған екен.
Полицей 4 маусымда сағат 23:00-де қызметке кіріскендіктен погонын ауыстыруға мүмкіндігі болмаған.
Айнара ИСА
Версия для печати
Пікір үстеу