КРУГЛООЗЕРНЫЙ КЕНТІНІҢ ӘКІМШІЛІГІ КӨШІРІЛЕ МЕ?
«Ашық әкімдік» акциясы аясында бүгін Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев және қалалық бөлім, коммуналдық мекеме басшылары Круглоозерный және Серебряков елдімекені тұрғындарының мәселелеріне құлақ түріп, қабылдау өткізді.

Статистикалық мәліметтер бойынша қос елдімекенде қазіргі уақытта 6404 адам тұрады. Соңғы жылдары ауылда көптеген игі жұмыстар жасалды. Бірнеше жыл күрмеулі мәселе болған Круглоозерный ауылының кіреберіс жолы жасалып, ауылішілік жолдар асфальтталды. Десек те, өркениетке ұмтылған кентте мәдениет үйі жоқ. Ауыл ақсақалы Бәтуә Дүйсенбаевтың қабылдауға келгендегі мәселесі сол.
– Бұл мәселемен жұмыстанудамыз. Қазір осындағы ТУСМ-14 ғимаратын Мәдениет үйіне айналдыруды жоспарладық. Жекеменшікте болғандықтан, қаржы мәселесін шешу жолдарын қарастырудамыз. Бірер жылда реттеледі деп айту қиын. Дегенмен, мемлекет меншігіне алғаннан кейін жоба жасап, күрделі жөндеу жүргіземіз. 2020 жылға қарай қолданысқа берілетін болады, – деді шаһар басшысы Мұрат Рахметұлы.
Гүлнара Кушмұханованың базынасы – баспанасының бабы. Бұрынғы білім ұясы ғимаратында тұратын ол үйлерінің апатты жағдайда тұрғанын жеткізді. Советский көшесі 78 мекенжайындағы бұл үй 7-8 пәтерлі. Қазіргі уақытта онда үш отбасы ғана тұрады. Басқалары құлаудың аз-ақ алдында тұрған үйлерінен көшіп кеткен. Мұрат Мұқаев үйді апатты деп тану үшін арнайы комиссия жіберілетінін, сәйкесінше үй тұрғындары кезекке алынатынын айтып, бұдан басқа жаңа баспана алудың жолдарын түсіндіріп берді.
Наталья Кузнецова да қабылдауға үй мәселесімен келді. Ауыр науқасқа шалдығып, осыдан 15 жыл бұрын ота жасатқаннан кейін көру қабілетінен айырылған қызы Любовь І топ мүгедегі ретінде үй кезегіне тұрған. Кезекті күтумен арада 10 жылдан астам уақыт өтіпті. Өз тексерген соңғы деректерде кезегі 130-ға түскен. Наталья Григорьевна қызының күндізгі уақытта үйде жалғыз қалатынын және жер үйде тұру оған қиын екенін жеткізді. Мұрат Рахметұлы кезекте тұрғандарға пәтер заңды ретпен берілетінін және соңғы жылдары шаһарда кезектегілер үшін үй құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқанын айтып, екі-үш жыл ішінде үйге қол жеткізе алатынына сендірді.

Кенттік округтің әкімшілік ғимараты қазіргі уақтытта Серебряковта орналасқан. Алдағы уақытта әкімшілік Круглоозерный ауылына көшірілуі мүмкін. Бұл мәселені ардагерлердің бір тобы қолдаса, серебряковтықтардың әкімдік көшірілсе, көзден таса қаламыз деген уайымдары бар. Қалаға қатынайтын автобустар да уақытымен жүрмейтін көрінеді. Сондықтан кей кездері студенттер мен қалада жұмыс жасайтындар үш есе шығынданып, таксимен жүруге мәжбүр. Осы және басқа да мәселелермен қабылдауға жалпы 21 тұрғын келді. Кент әкімі Кенесары Нұршинов қабылдауда көтерілген барлық сұрақтар үнемі қала жəне кент əкімдігінің бақылауында болатынын айтты.
Эльмир НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу