КРУГЛООЗЕРНЫЙ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ
28 қаңтар күні халыққа есеп беру жиынында кенттік округ әкімі Тимур Ашығалиев өткен жылы округте атқарылған жұмыстар мен алдағы жылға жоспарланған жұмыстарды баяндады. Есептік жиынға қала әкімі Абат Шыныбеков қатысты.

Жыл ішінде кенттегі аула саны 21-ге көбейіп, халық саны 92 адамға артты. Елдімекенді абаттандыру үшін 8,8 млн. теңге, автомобиль жолдарын күтіп ұстауға 26,2 млн. теңге, көшелерді жарықтандыру, әуе желісіне техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 23 млн. теңге, кентішілік жолдардың жай-күйін қалыпты ұстауға 4,7 млн. теңге бағытталған. Кенттегі абаттандыру жұмыстарын келісімшартқа сәйкес «Жайық таза қала» ЖШС-ның екі бригадасы жұмыстанады. «Жастар жылы» аясында кентте атқарылған ілкімді істердің бірі Серебряков ауылында жаңа «Oqushylar» тынымбағының ашылуы. Өткен жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» арқылы 13 тұрғын несие алып, кәсіптерін бастаған. Қазір кентте 64 жеке кәсіпкерлік, 6 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 22 шаруа қожалық бар.
Кентте қазір инвестициялық жоба жүзеге асуда. Өткен жылы «Оралземтрубсервис» ЖШС Шағала көшесінде 42 пәтерлік үш қабатты тұрғын үйдің құрылысын бастаған болатын. Ағымдағы жылы аяқталуы көзделіп отырған үй 7-20-25 бағдарламасы бойынша ұсынылатын болады. Бұл бағытта құрылыс компаниясы мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өкілдері жергілікті тұрғындарға түсіндіру жүргізді. Осы нысанды аяқтаған соң аталмыш серіктестік 160 орындық балабақша салуға кіріспек.
Кездесу барысында тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалды. Жиынды қала әкімі Абат Шыныбеков қорытындылап, қала бойынша атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Сондай-ақ қаланың дамуындағы Круглоозерный кенттік округінің рөліне басымдық берді. Кенттің географиялық орналасу аймағын ауыл шаруашылығын, жол сервисі қызметін дамытуға қолайлы екенін атады.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу