КРУГЛООЗЕРНЫЙ КЕНТІНЕН БЕРІЛЕТІН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ ҮШІН ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ТАРТУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков Круглоозерный кентіне барып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен, абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Алдағы уақытта Круглоозерный кентінің оңтүстік-батыс бөлігінде жер кезегінде тұрған азаматтарға 1100-ден астам жер телімін беру жоспарда. Осыған байланысты бекітілген аумақтың инфрақұрылымын жасақтау, яғни су, газ, электр жарығымен қамту жұмыстары қарқынды жалғасуда.
Қазіргі уақытта Круглоозерный кентінің оңтүстік-батысында салынатын тұрғын үй массивін сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. 505 млн. 601 мың теңгені құрайтын жобаны «ПМК-117» фирмасы қолға алып, жоспарға сай негізгі жұмыстарды, атап айтқанда, насосты стансаны, сумен жабдықтау құрылғыларын орнату, су желілерін тарту жүзеге асыруда. Сонымен қатар, бұл аумақты электр желілерімен және көгілдір отынмен қамтамасыз етудің егжей-тегжейлі 2 жоспары сараптамадан өткізілді.
Биыл жыл басында Круглоозерный кенті тұрғындарымен кездесуде жаяу жүргінші жолдарын салу, көшеге жол төсеу мәселелері көтерілген болатын. Бүгінде Круглоозерный кентінде Мамыр және Астана көшелерінде маңызды әлеуметтік нысандар арасын жалғайтын 850 метрлік жаяу жүргінші жолдары қараша айында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, кент көшелеріне 2,6 шақырымды құрайтын құмтас-қиыршықтас төсеу жұмыстары жалғасуда. Соның ішінде «Атамекен» шағын ауданындағы «Аламан», «Марғасқа» және Қабанбай батыр көшелеріне 1,8 шақырымға жететін құмтас-қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар үнемделген қаражат есебінен 40 контейнер алынады. Кентте жақында «Желаев нан» кәсіпкерлік нысаны ашылып, тұрғындарды нан-тоқаш өнімдерімен қамтамасыз ететін болады. Бұл мәселелер тұрғындармен есептік кездесулерде көтерілген еді, бүгінде аталған ұсыныстар жүзеге асуда.
Қала әкімі бұдан басқа Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мекемесінің жұмысымен танысты. 1988 жылы ашылған бұл мекемеде 232 әлеуметтік қызметкер, оның ішінде жоғары білікті дәрігерлер 352 қызмет алушыға қызмет көрсетеді. Карантин талаптарына байланысты барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған, тәрбиеленушілерге туған-туыстарымен онлайн байланыс арқылы хабарласып жағдай жасалған.
Орал қаласының әкімі А.Шыныбеков біқрқатар нысандарды аралап көру барысында Круглоозерный кентінің басшылығына мектеп аулалары мен көшелерге жарықдиодты шамдарды орнату, әлеуметтік нысандар маңын абаттандыру бойынша тапсырмалар берді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу