8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Наурыз 2020 1721 0
Өзек

КОРОНОВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ҚАУПІ: БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА 138 АДАМ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдерден келген 138 адам медициналық бақылауға алынған. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев мәлім етті.

 

 

ҚР Бас санитарының 28 ақпандағы «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы» Қаулысына сәйкес коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдерден келген барлық адамдар 3 санатқа бөлінеді.

ҚХР, Иран, Оңтүстік Корея елдерінен келген азаматтар – бірінші санаттың «А» тобы қатарында болады. БҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, облысымызда бұл санат бойынша тіркелгендер жоқ. Негізінен олар елімізге келген күннен бастап карантиндік 14 күнге ауруханаларға ораластырылып, медициналық қадағалауда болады. Одан кейін 10 күн бойы тұрғылықты жері бойынша қосымша бақылауға алынады.

Бірінші санаттың «Б» тобына – ҚХР Гонконг,  ҚХР Макао, ҚХР Тайвань және Жапония, Италия елдерінен келген адамдар жатқызылады. Оларды Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен күннен бастап 14 күн бойы тұрғылықты жері бойынша емхананың медициналық қызметкерлері үйде оқшаулау арқылы күнде барып тексеріп отырады. Үй карантиніне алынған бұл азаматтар осы уақытта халықтың жаппай жиналатын орындарына бармауы тиіс. Оқшаулау аяқталғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша медициналық бақылауда тағы 10 күн болады. БұЛ санатта қазір 70 азамат медициналық бақылауда.

Франция, Германия, Тайланд, Әзербайжан – екінші санаттағы елдер қатарында. Бұл елден келгендерге Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен күннен бастап тұратын жері бойынша емхананың медициналық қызметкерінің күнделікті қатысуымен 14 күн бойы бақылау жүргізіледі, одан әрі 10 күн бойы емханадан қоңырау шалу арқылы медициналық бақылауда болады. Қазір осы санатта 14 адам есепте тұр.

Сингапур, АҚШ, БАӘ, Ұлыбритания, Бахрейн, Кувейт, Испания, Ирак, Швейцария, Малайзия сынды үшінші санаттағы елдер қатарынан келген 54 азамт тіркеуге алынған. Оларға қаулы нұсқамасыа сай  ҚР шекарасынан өткен күннен бастап 24 күн бойы қоңырау шалу арқылы тұрғылықты жері бойынша медицина қызметкерінің бақылауы жүргізілуде.

– 4 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, аурушаңдық жағдайлары тіркелген жоқ. Дегенмен, ҚХР және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ облыс аумағында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында әр адамның өз денсаулығы үшін алдын алу шараларын сақтауын сұраймыз. Ол үшін дене температурасын күніне 2 рет өлшеу, үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету, күн сайын ылғалды тазалау жүргізу, қолды сабынмен жиі жуу, жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын пайдалану ұсынылады, – деді деді департамент басшысы М.Арыспаев.

Сондай-ақ эпидемиологтар қазіргі уақытта ЖРВЖ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі жүріп жатырғандықтан, ұйымдастырылған ұжымдарда, нақтырақ айтқанда мектептерде, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, жоғары оқу орындарында сүзгілердің (фильтр) жұмысы күшейтілуі тиістігін ескертіп отыр. Ал катаралды құбылыстары бар балалар жалпы білім беру нысандарына бармағаны жөн.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
115 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
165 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
409 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
891 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1268 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1161 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1627 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2244 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2409 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2416 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2466 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2471 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2076 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2951 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3004 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2998 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3611 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3580 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3571 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3546 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3707 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»