8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Маусым 2020 1424 0
Өзек

КОРОНАВИРУСТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ОРАЛДЫҚ АЗАМАТ ЕМ АЛУҒА УАҚЫТЫЛЫ ЖҮГІНБЕГЕН

30  мамырда Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясынан 1 адам көз жұмды. Ол 1967 жылы туылған азамат Орал қаласының тумасы, «Теңізшевройл» ЖШС кен орнында вахталық әдіспен жұмыс істеген. Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия өлім себебін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеу жөнінде шешім қабылдаған. 

 

Ол 3 мамырда Оралға автобуспен келіп, коронавирус инфекциясына тексеру және одан әрі оқшаулау мақсатында блокпосттан карантиндік стационарға жатқызылды. ПТР талдауы теріс нәтиже көрсеткен. Эпидемиологиялық анамнезді ескере отырып, науқаспен байланыста болған адам ретінде анықталып, провизорлық стационарға оқшауланады. 9 мамырда COVID-19-ға талдау алынып, теріс нәтижемен үй карантиніне шығарылған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліментіше, 10 мамырдан бастап бекітілген емхананың медицина қызметкерлерінің бақылауымен үй карантинінде болды. 10 мамырдан бастап тамақтың қышуы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі белгілері пайда болғанына қарамастан медициналық көмекке жүгінбеген. Күн сайын қоңырау шалған медицина қызметкерлеріне өз денсаулығына шағымданбаған.

Келесі 9 күн бойы медициналық көмекке жүгінбей, 19 мамыр күні жүріп-тұру кезінде ентігу, төсектен тұра алмай айқын әлсіздік пайда болған соң жедел жәрдем шақыртып, провизорлық стационарға жеткізіледі.

Сол жерде COVID-19-ға талдау алынып, сынама оң нәтиже берген. Талдаудың оң нәтижесімен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіліп, тыныс алу жетіспеушілігінен туындаған жағдайдың ауырлығына байланысты жедел түрде облыстық жұқпалы ауруханының реанимациялық бөлімшесіне жатқызылған. Науқас жан сақтау бөлімінде ауыр жағдайда болып, жүргізілген реанимациялық іс-шаралар өз нәтижесін бермеген соң 30 мамыр күні жүрек және тыныс алу қызметі тоқтаған.

Қайтыс болғаннан кейін оған ауыр дәрежелі короновирус инфекциясы (назофарингиальды жағындының нәтижесі оң, талдаудың шығарылған күні – 22.05.2020ж.), екі жақты полисегментті интерстециалды пневмония, 3-ші дәрежедегі тыныс алу жетіспеушілігі диагнозы қойылды. Қосымша созылмалы аурулары болмаған.

Аталған факт COVID-19 вирусы өте қауіпті ауру екенін және оған немқұрайлы қарауға болмайтынының айқын дәлелі. Көмекке уақытында жүгінгенде науқастың сауығып шығуына қол жеткізуге және өлімнен аман алып қалуға болатын еді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»