КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА БОЛҒАНДАРДЫҢ САРАПТАМА НӘТИЖЕЛЕРІ ШЫҚТЫ
Батыс Қазақстан облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті 31 наурыздағы Батыс Қазақстан облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін мәлімдеді.

29 наурызда Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекциясының (COVID-19) екі жағдайы тіркелген болатын. Екі пациент те облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта екі пациенттің де жағдайы қанағаттанарлық. Коронавирус жұқпасы анықталған азаматшалардың үйлеріне дизенфекциялық жұмыстар жүргізілді, үйлер оқшауланды. Олармен 50 шақты азамат тікелей және ықтимал байланыста болған.
– Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарға лабораториялық зерттеу жүргізілді, сараптама нәтижелері теріс. Барлығы да медициналық бақылауда, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметкері.
Бүгінгі күні 38 адам стационарлық карантинде. ЖРВИ белгілері бар 53 адам рровизорлық госпитальге орналастырылған. Облыстың карантин госпиталінде аурумен қарым-қатынаста болған 50 адам жатқызылды. 1 «б» санаты бойынша 792 адам үй карантиніне алынды.
Облыстың эпидемиологиялық жағдайы Батыс Қазақстан облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің тәулік бойы бақылауында. Осы орайда сала мамандары облыс тұрғындарын қабылданған шараларға түсіністікпен қарап, барлық сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу