8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қаңтар 2021 1599 0
Дені сау ұлт

КОРОНАВИРУС ВАКЦИНАСЫ ҚАЛАЙ ЕГІЛЕДІ

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов коронавирусқа қарсы вакцина қалай егілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Вакцинация екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде 0,5 мл мөлшерінде салынады. Осыдан кейін екінші кезеңде 21 күннен соң 0,5 мл мөлшерінде екінші компонент салынады. Вакцина бұлшық еттің ішіне жіберу арқылы ғана егілетінін атап өту керек. Оны бұлшық етке салады. Иықтың сыртқы бөлігіне егеді. Вакцинацияны салмас бұрын вакцина флаконы бөлме температурасында сақталуы керек. 0,5 мл дозаны алатын бірреттік шприц қолданылады. Жылытылған флаконнан 3 мл-ға дейін дозаны алуға болады. Яғни бір флакон 5 адамға дейін жетеді», – деді Марат Шоранов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Вакцинация жүргізер алдында азаматтардың дене температурасы өлшеніп, жүрек-қантамыр жүйесін аускультациялау және жұтқыншақты тексеру шаралары жасалады. Егер температура 37°C-тан асса, вакцинация кейінге қалдырылады.

Айта кетейік, БҚО-да 180 мыңнан астам адамға коронавирусқа қарсы екпе салынады деп күтілуде.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
373 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
394 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
370 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
412 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»