КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРУ КӨРСЕТКІШІ 13 ПАЙЫЗҒА КӨБЕЙДІ
БҚО-да коронавирус инфекциясы бойынша аурушаңдық бір аптада 13 пайызға көбейген. Бұл туралы бүгін, 16 шілде күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері мәлім етті.
Облыстағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігер М.Арыспаев өңірдегі жағдай өте күрделі екенін айтты. Пандемия басталғалы бері өңірде коронавирустық инфекцияның 27 819 зертханалық расталған жағдайы анықталды. 1 шілдеден бері COVID-19-дың 2836 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылғы дәл осындай кезеңнен 50 пайызға көп. Аталған жағдайлар ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 1927 адамда, профилактикалық мақсатта тексерілген және вахталық ауысымнан шығарда не кірерде, шетелге шығар алдында, жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру, стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған адамдарда анықталды.
– Осы аптада өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдықтың 13 пайызға өсуі байқалады. Ауырғандар саны Орал қаласында қөп. Аурушаңдықтың 1255-і – Оралда, 446-сы – Бәйтерек ауданында, 355 оқиға – Бөрлі ауданында, 134 жағдай – Теректі ауданында 123-і – Қазталов ауданында 98-і – Ақжайық ауданында, 96-сы – Тасқала ауданында тіркелді. Ал облыста кеше, 15 шілде күні 259 жағдай тіркелді. Бұл жағдайлар ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 182 адамда (70%), профилактикалық мақсатта тексерілген 43 адамда (18%) анықталды, жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 28 адамда (11%) анықталды, – деді Мұхамғали Арыспаев.
Шілденің алғашқы күніне бері тіркелген жағдайлар бойынша 41-60 жас аралығындағы адамдардың ауру жұқтыру көрсеткіші жоғары – 935 адам. 26-40 жас аралығындағы 791 адам ауырған, 18-25 жастағылардан – 221 оқиға, 15-17 жас – 104, 14 жасқа дейінгі 268 бала инфекция жұқтырған.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу