КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛҒАН ЕКІ НАУҚАС ТА РЕСЕЙДЕН КЕЛГЕН
Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 2 адамның тіркелгенін жазған едік. Батыс Қазақстан облысы комиссиясының шұғыл штабының мәліметінше, Науқастардың бірі 22 жастағы Батыс Қазақстан облысының, екіншісі 23 жастағы Ақтөбе облысының тұрғыны.

Екі науқас та Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын бұрын коронавирустық инфекция анықталған азаматпен бірге келген. Азаматтар байланыста болған тұлғалар ретінде анықталып, карантиндік стационарда оқшауланған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 2 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі уақытта пациенттер облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді. 17 сәуір күнгі жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 32 адамға жетіп отыр. Екі науқас сауығып, үйіне шығарылды. Қалған 30-ы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда. Провизорлық стационарда – 148, карантиндік стационарда – 81, үй оқшаулауында – 1396 адам дәрігерлер бақылауында.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу