КОРОНАВИРУС: БҚО-ДА «БРИТАНДЫҚ» ЖӘНЕ «ОҢТҮСТІКАФРИКАЛЫҚ» ШТАММ АНЫҚТАЛДЫ
БҚО-да соңғы аптада коронавирустық инфекция бойынша аурушаңдық 23 пайызға көтерілген. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен коронавирустың алдын алу жөніндегі жедел штаб отырысында айтылды.
29 наурыз бен 4 сәуір аралығында жалпы 700 оқиға тіркелген болса, оның ішінде 2 сәуір күні ең көп жағдай – 112 адамнан індет анықталды. 3 сәуірде – 109 адамның, 4 сәуірде – 105 адамның ПТР талдауы оң нәтиже көрсетті. Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев өңірде жағдайдың өршуінің негізгі себебінің бірі мутацияланған вирус штамы екенін мәлім етті. Айтуынша, мутацияланған вирус жұққыш болып келеді.
– 24 наурызда Алматы қаласына 20 сынама жіберілген болатын. Сол сынамалардан британдық, оңтүстікафрикалық коронавирус штамы біздің облыста бар екені белгілі болды. Қайсысы британдық, қайсысы оңтүстікафрикалық штамм екені айдың аяғында нақтыланады. Жалпы сынамалардың 40 пайызы мутацияанған деген мәлімет бар, – деді М.Арыспаев.
Екіншіден, карантиндік шаралардың сақталмауы – аурудың көбеюіне себеп болып отыр. Мәселен, үй жағдайында отбасы мүшелерінің бірі ауырып, басқаларына жұғуы, қоғамдық көліктерде немесе той-жиындар кезінде ауру жұқтыру фактілері бар.
Наурыз айында 62 мың адам ПТР тест тапсырған. Бұл ақпан айындағыдан 10 мың зерттеуге артық. Бұл ауру жағдайларының және науқастармен байланыста болған адамдардың көбеюіне байланысты.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу