8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Наурыз 2020 1317 0
Қалалықтар қаперіне

КОРОНАВИРУСҚА ТЕКСЕРУ КЕЗІНДЕ ӘР АДАМҒА 2-3 ТЕСТ ЖАСАЛАДЫ

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусты анықтайтын қосымша 60 мың тест алынатынын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. 

 

«Қазіргі уақытта коронавирус 120 мемлекетке тарады. Қазақстан Қытаймен шекаралас жатыр. Соған қарамастан арнайы қабылданған шаралардың арқасында елімізде осы уақытқа дейін коронавирус анықталған жоқ»,- дейді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус адам қанынан бірінші күні анықталмайтынын жеткізді. «Бірнеше мемлекеттен келген азаматтар бақылауда. Коронавирус адам қанынан бірінші күні табылмайды, сол себепті біз оларды бақылауда, қажет болса 14 күн карантинде ұстаймыз. Біздің хаттама бойынша, адамнан бірінші және оныншы күні қан алынып, тексеріледі. Қазіргі кезде біздің барлық өңірде арнайы санитарлық-эпидемиологиялық зертханалар жұмыс жүргізуде. Ресей Федерациясы, ҚХР, ДСҰҰ жіберген және қазақстандық тест бар. Жалпы 15 мың тест болған, оның 5 мыңын пайдаландық. Қосымша 60 мың тест аламыз. Әрбір науқасты 2-3 тестпен тексереміз. Бұл тесттер нақты көрсеткіштерді көрсетіп, жақсы жұмыс істейді. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасады», – дейді министр.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
62 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
115 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
90 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»