8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қыркүйек 2021 1585 0
Дені сау ұлт

КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛҒАНДАР ҰТЫСҚА ИЕ БОЛДЫ

Бүгін, 3  қыркүйек күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Менің қауіпсіздігім – қоғамның қауіпсіздігі» атты акция өткізілді. Бұл туралы БҚАТУ медиа-орталығы хабарлады.

Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – студенттерді, университет ұжымын салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, денсаулықтың маңыздылығын ұғындыру. Оған қоса коронавирус індетіне қарсы вакцина алудың мәнін түсіндіріп, қарқынын жеделдету. Университет ауласында ұйымдастырылған шарада университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов алғы сөз сөйлеп, оқу жылының басталуымен құттықтады.

– Бүгінгі шарада екпе ала отырып, қоғамның қауіпсіздігін ойлаған әріптестерімізге, студенттерімізге университет тарапынан түрлі жеңілдіктер ұсынып, жалпы қоғамды жаппай екпе алу арқылы короновирус індетін жеңуге шақырып отырмыз, – деген оқу ордасының басшысы Асқар Мырзахметұлы пандемия кезінде ауызбіршілік танытқан ұжымның ұйымшылдығын атап өтті. Енді осы індетті ауыздықтаудың бірден-бір жолы – вакцина салдырту екенін де жасырмады.

Акция аясында алғаш вакцина алған 150 студенттің оқу төлемдеріне 5 пайыз жеңілдік тағайындалды. Оған қоса вакцина алған профессор-оқытушылар, қызметкерлер құрамынан – 504, білім алушылардан – 705 адам арасында ұтыс ойындары оздырылып, түрлі бағалы бұйымдар мен жолдамалар ойнатылды. 1-курс студенттері арасында университет асханасынан бір ай тегін тамақтануға және жаттығу залына жолдама ұтқандар да бар. Жалпы 18 демеушіден – 140 сыйлық ұсынылып, екпе алған оқытушылар мен студенттерді ынталандыру іс-шараларына университет түлектері мен демеушілер қолдау көрсетті.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
134 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
378 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»