8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қаңтар 2021 2064 0
Қоғам

КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТІ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ

26 қаңтарда «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында комплаенс қызметтерді дамыту мәселелері бойынша онлайн семинар өткізілді. Семинарға облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Н. Самет, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» заң департаментінің басқарушы кеңесшісі Р. Байарстанов, сондай-ақ «ZOOM» бейнебайланысы арқылы облыс әкімдігіне ведомстволық бағынысты коммуналдық, білім беру және медициналық мекемелерінің өкілдері қатысты.

Н. Самет квазимемлекеттік сектор жүйесіне комплаенс жүйесін енгізудің мақсаты оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің мінез-құлықтың жоғары стандарттарына бейімділігін қалыптастыру, ашық және адал қызмет жүргізу, іскерлік беделді нығайту және ұйымға деген сенімді арттыру екендігі туралы ақпараттандырды.

Өз кезегінде Р. Байарстанов компаниядағы комплаенс үдерістерін цифрландыру, мүдделер қақтығысы фактілерін тіркеу, сыйлықтар беру мен назар аудару, сондай-ақ кәсіпорында шағымдар тіркелетін жедел желі қызметі және тағы басқалар туралы айтып берді.

Сонымен қатар, спикер квазимемлекеттік сектор субъектілері мен жеке компанияларда комплаенсті енгізудің артықшылықтары туралы атап өтті.

Онлайн семинарға «ZOOM» қосымшасы және әлеуметтік желілер арқылы 100 – ден астам тыңдаушы-комплаенс өткізуге жауапты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері қатысты.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
87 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
371 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
393 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
369 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
411 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»