КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ ТУРАЛЫ ТОП 7 СҰРАҚ
КТ – бұл қазіргі заманғы диагностиканың ең тиімді және дәл жасалынатын әдістерінің бірі болып табылады, ол дененің зерттелген аймағының көлемді бейнесін алуға мүмкіндік береді және қалыпты рентгенографияда анықталмайтын ауытқуларды анықтай алады. Науқаста КТ жасау үшін тиісті денсаулық көрсеткіштері және учаскелік дәрігердің жолдамасы болған жағдайда зерттеу МӘМС есебінен жүргізіледі. Жоспарлы тексеруді күтудің уақыты 10 күннен аспайды. Жіті және күтуге келмейтін жағдайларда тексеру шұғыл жүргізіледі.
КТ өткізуге қандай жағдайда шектеулер қойылады?
Іш қуысы органдарын зерттеу кезінде асқазан мен ішекте барий түзілімінің болуы. Пациенттің өзін адекватты ұстамауы. Ауыр түрдегі клаустрофобия. Науқаста артық салмақтың болуы – 120 кг және одан көп.
КТ – ангиографиялық зерттеулер жүргізуге қарсы көрсетілімдер:
Контрасты препаратқа аллергияның болуы. Контрастты препаратты не үшін енгізу қажет?
Сонымен, біз бірден бірнеше сұрақтарға қатарынан жауап береміз: бізді қызықтыратын аймақта гипо – немесе гиперваскулярлық ісіктер бар ма, егер бар болса оның мөлшері қандай, онда некроз немесе қан кету бар ма, тромбоз, аневризм, тамырлы инвазия бар ма, тамыр қабырғасының тұтастығының бұзылуы бар ма, зерттелетін органның перфузиясының өтпелі бұзылыстары бар ма. Міне, контрастты препараты енгізу жоғарыда аталғандарды анықтау үшін қажет.
КТ зерттеуі балаларға жасалады ма?
Тек өмірлік көрсеткіштер бойынша ғана жасалынады. Бұл жағдайда науқас балалар үшін радиациялық жүктемені төмендететін арнайы педиатриялық бағдарламалар қолданылады.
Зерттеу қанша уақытқа созылады?
Заманауи томографтар сізге бірнеше секундтың ішінде қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік береді, сондықтан сканерлеудің өзі көп уақытты қажет етпейді. Бірақ, контрастты заттарды енгізу кезінде зерттеу 30 минутқа созылуы мүмкін.
Зерттеудің жанама әсерлері бар ма?
Әдетте жанама әсерлер болмайды. КТ-дан кейін автомобильді басқаруға және қажет болған жағдайда жұмысқа шығуға болады.
Зерттеуден кейін тамақ немесе сусын ішуге бола ма?
Иә, болады. Егер сіз тамырға рентгендік контрастты зат енгізсеңіз, бұл күні сұйықтықты қабылдауды 1,5-2 литрге дейін арттыруыңыз қажет.
Қандай жағдайларда КТ зерттеуінің алдында тамақ және арнайы препараттарды қабылдау ұсынылмайды?
Іш қуысының КТ зерттеуін жасау үшін науқасқа зерттеуден 2-3 күн бұрын ішекте газдың пайда болуына ықпал ететін – сүт, сүт өнімдері, жаңа піскен көкөністер, қара нан және т.б. тағамдарды қолдану ұсынылмайды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойыша филиалы
Версия для печати
Пікір үстеу