8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Мамыр 2020 2031 0
Қалалықтар қаперіне

КОММУНАЛДЫҚ ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ БОЙЫНША ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша халықтың төлемақысын өтеу үшін тұтынушылар (немесе олардың заңды өкілдері) жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және есепшотының деректерін көрсете отырып 15000.kz сайты арқылы немесе 109 call-орталық арқылы өтінім бере алады.

Коммуналдық қызметті жеткізушілерде есепшот болған кезде коммуналдық қызметтер бойынша өтеуге құқығы бар адамдардың онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің санаты:

1) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

3) мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар;

4) көпбалалы отбасылар;

5) ең төмен және аз зейнетақы алатын, жалғызбасты зейнеткерлер; 6) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.

Сall-орталық арқылы өтінім беру жағдайда ауызша өтінім беру жеткілікті және қосымша басқа құжаттар ұсыну қажеті жоқ.

Ескерте кетейік, бұған дейін электронды пошта арқылы өтініш жолдағандар өтінімді осы сайт арқылы немесе 109 нөмірі арқылы қайтадан беруі қажет.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
66 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
118 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
93 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»