8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қыркүйек 2023 1258 0
Білім

Колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ке өсті

Қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясы 50 процентке көтерілді, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі. «Колледж студенттерін ынталандыру мақсатында 2023 жылғы қыркүйектен бастап стипендияны кезең-кезеңімен арттыру қарастырылған: 1 қыркүйектен бастап 50%-ке өседі, 2024 жылы 100%-ға дейін жеткізіледі», – делінген хабарламада.
Биылғы оқу жылында 190 мың жас колледж студенті атанды, оның 133 мыңы мемлекеттік білім беру тапсырысымен оқиды. Кәсіпорындардың өтінімі бойынша 10 мың студент білім алады.
Осы жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға ұлғайтылды. Техникалық және кәсіптік колледж студенттерінің 75 мыңы квота бойынша қабылданды.
Айта кетері, мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға қайта бағдарланды. Олардың қатарында геология, энергетика, металлургия, машина жасау, көлік, IT, құрылыс, педагогика және медицина сияқты салалар бар. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттер әлеуметтік қолдаумен, оның ішінде стипендиямен, тамақтанумен және жолақымен қамтылған. Сондай-ақ, жаңа оқу жылында колледж студенттері үшін 2,5 мың орындық 13 жаңа жатақхана ашылады.
Дереккөз: sputnik.kz
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
136 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
380 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»