8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қараша 2019 2448 0
Қоғам

ӘКІМНІҢ 100 КҮНІ: НЕ ЖАСАЛДЫ? НЕ ЖАСАЛУЫ КЕРЕК?

               Облыс орталығы – Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтің жаңа қызметке тағайындалғанына бүгін, міне, 100 күн толды. Аталған мерзім ішінде Абат Абайұлы не істеді, жаңа әкімнің бет алысы қалай деген сұрақ ел арасында міндетті түрде қойылуы мүмкін. Осыған орай қала әкімінің 100 күнде атқарған істері туралы шаһар басшысын сөзге тартқан едік.

2019  жылдың 12  тамызынан бастап Орал қаласының әкімі болып Абат  Абайұлы Шыныбеков тағайындалды. Абат Шыныбеков алғашқы күннен-ақ  қаланы түгел аралап, шаһардың тыныс-тіршілігімен жіті танысып, әсіресе қаланың қысқы маусымға дайындығына баса назар аударды. Жүз күнде талай жүздесу өтті, біраз істің басы қайырылды.

– Қаланың барлық аумақтарында, шағынаудандарында, кенттері мен селолық округтерінде болып, тұрғындармен жүздестім. Халықты толғандыратын негізгі әлеуметтік мәселелерімен таныстым. Алдымызға қойған айқын мақсат, белгілі бағдарымыз бар. Сала-сала бойынша әлі де танысатын жерлеріміз бар. Қаланың ірі кәсіпорындарының, зауыттардың, кәсіпкерлік, әлеуметтік салалардың, саябақ кооперативтерінің  бүгінгі тынысын бағамдадым. Осылайша, қаланың әр бөлігі бойынша атқарылатын жұмыстар тізбесі белгіленді. Ең бірінші кезекте облыс басшысының тікелей бақылауындағы абаттандыру, тазалық мәселесі. Осы орайда арнайы қоғамдық мониторинг тобы құрылды. Апта сайын қаланың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстарын жеткізуде. Топ құрамына  қалалық мәслихат депутаттарынан өзге қоғамдық белсенділер, учаскелік полиция инспекторлары,  жастар  тартылды. Бұл қаладағы негізгі мәселелерді жүйелі түрде шешуге септігін тигізеді. Шаһардың жұмысын ілгерілету үшін өрт сөндіру қызметі секілді жұмыс істемеуіміз керек, жүйелі мәселені шешуіміз қажет. Қазіргі таңда қала тұрғындарының сұрайтыны – жайлы жол, жарық көше, таза аула, абаттандырылған алаңдар, қолжетімді жолаушылар қызметі, коммуналдық қызметтердің сапалылығы. Осы сұраныстарды қанағаттандыру үшін, алдымен  тазалық маңызды. Сенбіліктер өткізіп, абаттандыру мәселесіне мән бердік, – дейді шаһар басшысы Абат Абайұлы.

Қала әкімінің мәлімдеуінше, бүгінде қаланың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы жасақталып, алдағы облыстық мәслихаттың сессиясында ұсынылатын болады. Стратегия бес бағытты қамтиды. Атап айтқанда, бірінші бағыты дамыған экономика, екінші бағыты адами капиталды дамыту, үшінші бағыты жасыл экономика, төртінші бағыты  цифрландыру, бесінші бағыт қалалық жоспарлау.  Бұл бағыттағы кешенді жұмыстар жалғасады. Қазіргі таңда қаладағы өзекті мәселенің бірі – кәріз жүйесі. Апат орын алған желілер дереу жөнделуде.  Су, жылу  құбырларын жөндеу жұмыстары да жүргізілуде. Қазіргі таңда мердігерлердің жұмысына сын көп. Бұл турасындағы сұрағымызға қала басшысы әр салада орын алған олқылықтардан хабардар екенін, мердігерлер жауапкершілікті мойнына алып, сапасыз жол, құрылыс нысандарын кері қалпына келтіретінін жеткізді.   Қалада тұрғын үй құрылысы, жолдарды жөндеу, аулаларды абаттандыруда да мемлекеттің тарапынан тиісті қаржылар жылма-жыл бөлінуде. Ол қаланың әрі қарай дамуына септігін тигізетін жобалар. Сонымен бірге, әр жоба мемлекеттің қаржысын тиімді пайдалануды көздейді. Осы мақсатта қоғамдық бақылауды күшейту көзделіп отыр.

 

Орал қаласында үш айда атқарылған игі істерді тізбектесек…

                                                                                        Исатай-Махамбет ескерткіші ашылды

Үстіміздегі жылдың 7 қыркүйегінде қаланың Шаған өзені арқылы кіретін тұсында Исатай мен Махамбет батырларымызға арналған ескерткіш бой көтерді. Ескерткіштің жалпы биіктігі 13 метр болса, 5 жарым метрлік мүсіндік композиция қоладан құйылған.

                                                                                             Тұрғын үй берілді

Қазанның бірі күні Зашаған кентіндегі Мөңкеұлы 113/1-үйден 216 отбасыға жаңа пәтердің кілті берілді. Халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған. Көп қабатты үйдің 72 пәтері көпбалалы отбасыларға, 29-ы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, қалғаны Орал қаласы бойынша тұрғын үйдің кезегінде тұрған тұрғындарға берілді. Жыл соңына дейін бес тұрғын үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда (3 тұрғын үй Зачаган кентінде, 2 үй Солтүстік Шығыс бөлігінде).

                                                                                                Көпқабатты үйдің шатыры жөнделді

Производственная көшесіндегі №7 және Ықсанов көшесінде орналасқан 43-ші үйдің  шатырына «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарлама аясында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толықтай аяқталды. Жыл соңына дейін үш көпқабатты тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған (Кердері көш. 129, Шевченко көш. 65, Жәңгір хан көш.11).

                                                                                           Мониторингтік топ құрылды

Қаланы абаттандыру және санитарлық тазалық мәселері бойынша 28 қазаннан бастап мониторингтік топ өкілдері жұмысқа кірісті. Мұндағы басты мақсат – қаламыздың келбетін ажарландыра түсу, тазалық мәселесіне мән беру. Аталмыш топ қалалық мәслихат депутаттары, құрылымдық бөлім басшылары, арнайы мониторинг тобы мүшелері және қаламыздың белсенді жастарынан құралған. Күні бүгінге қысқа мерзімді, орташа ұзақтықта және ұзақ мерзімде атқарылатын 800-ге жуық мәселе тіркеліп, шешу жолдары ұсынылды.

                                                                                                 Кәріз жүйесі жөнделуде

          №19А кәріз жүйесіндегі көптеген аварияларға байланысты, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде қалалық әкімдік техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялады. Нәтижесінде жөндеу жұмыстарына 533 млн. теңге қаражат бөлініп, «Альтаир» ЖШС-мен тозған 800 мм диаметрлі 2,6 км құбыр полиэтиленмен алмастырылды.

 12 қазан күні жалпықалалық сенбілік аясында 4500-нан астам жасыл көшет отырғызылды. Ветелки, Новостройка ауылдарына орталықтандырылған су құбыры тартылып, іске қосылуда. Күн сәулесімен қуаттанатын инновациялық жаяу жүргіншілер жолағы іске қосылды.

                                                                                             «Ашық әкімдік» шарасы нәтижелі

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков бүгінге дейін азаматтарды жеке қабылдауымепн қатар, қаланың шет аумақтарында 10 рет «Ашық әкімдік» шарасы аясында тұрғындармен жүздесті. Жалпы алғанда 500-ге жуық тұрғын қабылдауда толғандырып жүрген сауалдарына жауап алып, аталған мәселелерді оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп келеді.

                                                                                                                     Жастармен бірге

          Абат Абайұлы БҚМУ, БҚАТУ студенттерімен ресми емес форматта кездесу жүргізді.

      Кездесу барысында жастар тарапынан қала аумағын абаттандыру, қаланы жан-жақты дамыту, тарихи маңызы бар орындарды туристтік нысандарға айналдыруға байланысты бірқатар ұсыныстар келіп түсті. Қала әкімі жастармен етене байланыста болып, бірге жұмыстануға әрқашан дайын екенін жеткізді.

                                                                                                  Комьюнити орталығы ашылды

Деркөл шағын ауданында «Өркен» комьюнити-орталығы ашылды.«Орал» спорттық кешенінің базасында орналасқан аталмыш орталық «Өркен» балалар аула клубын кеңейту жолымен құрылған. Бұл орталыққа жас мөлшеріне қарамастан, шағын ауданның кез келген тұрғыны келіп, көңілі қалаған үйірмеге қатыса алады. Орталық жанында дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі секілді спорттық сабақтар және бисермен тоқу, оригамми, домбыра, сурет және вокал, караоке үйірмелері, қуыршақтар театры мен оқырмандар бұрышы жұмыс жасайды.

                                                                                                      Зашағанда жаңа кітапхана

 Зачаган кентінде жөндеуден өткен, жаңартылған №5 кітапхана пайдалануға берілді.   Кітапханаға толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жиһаздары жаңартылып, жаңа электрондық кітаптар мен компьютерлермен қамтылған. №5 кітапхананың кітап қоры 50 мың дана. Онда 4 мың абонент бар, кітапхана күніне 50-60 адамға қызмет көрсетеді.

                                                                                       «Х-Fitness» фитнес орталығы ашылды

           «X Fitness» – барлық талаптарға жауап беретін және еуропалық сапа стандарттарына сәйкес шығарылатын заманауи жаттығу машиналарымен жабдықталған.

Жалпы ауданы 1405 шаршы метр болатын «Х-Fitness» фитнес орталығы келушілерге әртүрлі фитнес қызметтерін ұсынады: жаттығу залында бос салмақ аймағындағы сабақтар, блоктық жабдықтар, жүрек-қан тамырлары жабдықтары, аэробика, жекпе-жек бөлмесі, бокс алаңы, кроссфит, би сабақтарына арналған алаң, сонымен қоса массаж бөлмесі, сұлулық салоны, фито-бар.                                                                                                                   «Сәби» жеке балабақшасы

           Балабақша заман талабына сай жабдықталған. Мұнда бөбектердің денсаулығын қадағалайтын медбике бөлмесі, массажбен сауықтыру аумағы, тұз шахтасы, бассейн, ойын алаңшалары бар. Сонымен қатар тәрбиеленушілерге арнап ағылшын тілі, би, вокал, каратэ сынды үйірмелер жүргізілетін болады.

Өз сөзінде шаһар басшысы қазіргі заман талабына сай жасақталған осындай балабақшалардың көбеюі көз қуантарлық жағдай екенін атап өтті.

                                                                                              Оралда жаңа автобекет

«Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС-ның негізгі бөлімшелерінің бірі саналатын автобекет Орал қаласын облыс аудандарымен, еліміздің облыс орталықтарымен және  Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерімен байланыстырады. Автобекет қызметін бүгінде 12 қазақстандық және 6 ресейлік тасымалдаушы компаниялар пайдаланып отыр. Оған қоса биыл Орал-Қазан бағытындағы халықаралық маршрут қосылды. Автобекет арқылы жалпы 40 ауданаралық, екі облысаралық, алты халықаралық маршруттар қатынайды.

                                                                                                855 жаңа контейнер

Қала аумағының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының нашарлауын болдырмау мақсатында 555 дана жаңа контейнерлер, сондай-ақ 50 дана мырышталған евроконтейнерлер сатып алынып, қала аумағындағы қажетті мекенжайларға орнатылған болатын.

Сонымен қатар, 250 дана пластикалық евроконтейнер алынып, қазіргі таңда қаланың жаңа шағынаудандарына орнату жұмыстары басталды.

Бұған қоса, қала әкімінің қаланың шет аумақтарындағы «Ашық әкімдік» шарасы аясындағы қабылдауында болған Сарыарқа және Көкжиек шағынаудандары тұрғындарының өтініштеріне сәйкес, аталған аудан тұрғындарының қажеттіліктері үшін қосымша қатты тұрмыстық қалдықтар контейнерлері орнатылды.

                                                                                                 Қосымша жолақ қондырылды

Жол қауіпсіздігін және қоғамдық көлік қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Н. Назарбаев даңғылы мен Еуразия даңғылында бөлінген қозғалыс жолақтарын іске қосу жоспарлануда. М.Мәметова көшесінен Ж.Молдағалиев көшесіне дейін Назарбаев даңғылында, Құрманғазы көшесінен Гагарин көшесіне дейін Еуразия даңғылында бұл үшін шеткі оң жақ жолақ бөлінеді. Бұл жаңашылдық апаттылықты азайтуға, жолаушының жолдағы уақытын қысқартуға және қоғамдық көліктің айналуын арттыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар күзгі-қысқы кезеңде қарды жинау және шығару бойынша қалалық қызметтердің жұмыс тиімділігін арттырады. Қазіргі таңда Н.Назарбаев даңғылы бойынша жол белгілері қойылып, қосымша жолақ іске қосылуда.

 

Дайындаған Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
67 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
140 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
368 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
851 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1229 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1136 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1588 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2204 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2368 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2376 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2427 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2431 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2051 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2911 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2965 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2959 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3572 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3540 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3531 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3506 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3667 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»