КИІКТЕРДІҢ ОРАЛ ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ КӨШІ-ҚОНЫ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТОБЫ ШҰҒЫЛ ІСКЕ КІРІСЕДІ – ЭКОЛОГИЯ МИНИСТРІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Ғалымдармен, экологтармен бірге жергілікті тұрғындармен кездесіп, мәселенің шешу жолдарын талқылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жәнібек, Қазталов, Бөкейорда, Жанғалы аудандары халқы жайылымдарды сақтап қалу, су жеткізу бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды. Министр Мағзұм Мырзағалиев проблемаға бір жақты қарауға болмайтынын айтып, арнайы жұмыс тобының құрылғаны туралы хабардар етті.
«Мен сіздерге Президент тапсырмасы бойынша ғалымдармен бірге арнайы келіп отырмын. Екі жаққа да тиімді шешімдер қабылдау үшін Экология, Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым министрліктері мен халықаралық ұйымдар, институттар құрамына кіретін жұмыс тобын құрып отырмыз. Қысқа мерзімде зерттеулерді бітіруге тырысамыз»,- деді министр.
Мағзұм Мырзағалиев мәселенің шешімінің үш жолын атады.
«Біріншісі, жалпы ауданы 343040,1 га «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватын, сондай-ақ жалпы ауданы 314505,1 га Ащыөзек мемлекеттік табиғи қаумалын құру. Бұл бойынша барлық негіздемелер дайын. Резерват құру арқылы 78 тұрғынға жұмыс орны да ашылады. Екіншісі, осы резерватта геологтардың араласуымен су көздерін анықтап, киіктерге жасанды суат дайындау. Ол тек киікке ғана емес, халыққа да пайдалы. Үшіншісі – киіктердің Орал популяциясының бір бөлігін Жайықтың оң жағалауын өткізу мәселесін қарастырамыз»,- деді ведомство басшысы.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев құрылған жұмыс тобына жергілікті шаруа қожалықтары өкілдері де кіретінін, барлық зерттеулер, шаралар ашық жүретінін жеткізді.
ҚР БҒМ Зоология институтының териология зертханасының меңгерушісі Алексей Грачевтің айтуынша, қазір киік санын реттеу мәселесін мүлдем қозғауға болмайды.
«Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын, мәселені егжей-тегжейлі зерделеу қажет. Мемлекет өз уақытында киіктердің санын қалпына келтіру үшін үлкен ресурстар жұмсады. Қазір ол тек қалпына келтіру сатысында, яғни ол әлі де максимумға жеткен жоқ. Сол себепті әзірге оларды атуға рұқсат беріп, санын азайту туралы сөз қозғауға ерте»,- деді ғалым.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы – еліміздегі киіктер ең көп шоғырланған өңір. 2019 жылғы санақ бойынша БҚО аумағында 217 мың бас киік болған. 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты санақ жүрген жоқ. 2023 жылға дейін киіктерді ғылыми қолданыстан басқа мақсатта қолдануға заңмен тыйым салынған.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру


Пікір үстеу