КИІК АУЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 10 АДАМ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Батыс Қазақстанда киіктерге аңшылық жасағандар азаймай тұр. БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қайрат Қадешовтың мәліметінше, өткен жылы киіктерге қатысты 44 қылмыс ашылған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 18 фактіге көп.

2019 жылы киік жануарына қатысты 26 қылмыстық іс ашылса, 2020 жылы 44 факт бойынша іс қозғалды. Сотта тоғыз қылмыстық іс қаралып, нәтижесінде 10 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Біреуіне – 5 жыл бас бостандығынан шектеу, екі адамға – 3 жылға бас бостандығын айыру, төрт адамға – 2,6 жылға бас бостандығын шектеу, бір адамға – 2,6 жылға және 2 адамға – 6,6 жылға бостандығын айыру жазасы кесілген. Бір қылмыстық іс тоқтатылды, қалған істерге тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Құқық бұзушылардан киік жануарларының 2 652 дана мүйіз тәркіленіп, 491 дана атылған төшкелер табылды. 8 бірлік автокөлік, 2 бірлік қаршана, 2 мотоцикл және 9 бірлік атыс қаруы тәркіленді. Сотпен 62 505 000 теңге қанағаттандырылды, – деді Қайрат Қадешов.
Өңірде Орал киік популяциясы қазіргі кезде Бөкейорда, Жәнібек, Қазталов, Жаңақала, Тасқала, Ақжайық аудандары территориясында орналасқан. 2019 жылы соңғы санақ нәтижесі бойынша 217 мың бас деп нақтыланды. 2020 жылы пандемияға байланысты жоспарлы санақ жүргізілмеген. Мониторинг бойынша киік санының қарқынды өсімі байқалады. Биыл сәуір айында жоспарлы санақ жүргізу жоспарланған.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу