8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Желтоқсан 2019 1562 0
Өзек

КИІК АТҚАНДАРДАН 10,8 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ

БҚО Жәнібек ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша мемлекет пайдасына 10,8 млн. теңге өндірілді.

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының өкілі Бауыржан Закиұлының хабарлауынша,  С.А және Ж.А. азаматтар 2018 жылдың 22 наурызында Мұратсай ауылдық округінің «Әлем» қыстағының маңында «Escudo Bombardier» қаршанасымен қуып жүріп, 3 бас киікті атып өлтіріп, мүйіздерін кесіп алған.

2018 жылғы 20 маусымдағы Жәнібек аудандық сотының үкімімен Қылмыстық Кодекстің  337-бабы (заңсыз аңшылық) және 339-бабы (жануарлардың пайдалануға тыйым салынған түрлері мен олардың бөліктерін немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша С.А. және Ж.А. кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандықтары шектелді. Олардан мемлекет пайдасына 10,8 млн. теңге өндірілетіні туралы үкім шығарылған.

Алайда, сотталғандар осы уақытқа дейін тек 531 мың теңге төлеген.

Атқарушылық құжатты тексеріп, ақпараттық жүйелер арқылы прокурорлар борышкерлердің меншігіндегі жер учаскесі, үй мен автокөліктен басқа 175 ірі қара мал және 55 жылқы бар екендігін анықтады.

Прокуратураның ұсынуы бойынша «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 32, 66-баптарының тәртібінде сот орындаушы мүліктің тізімдемесін жасап, олардың барлығына тыйым салды.

Анықталған мүлікті сауда-саттыққа шығару туралы хабарлама берілгесін борышкерлер қалған соманы толығымен өтеді.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
137 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
381 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»