8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қараша 2020 1687 0
Өзек

КЕШІРІМ ЖОҚ

10 жастағы Бақтияр Болатты қағып өлтірген 20 жасар әйел қамауға алынды. Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Марқұм болған баланың тума-туыстары кінәлі тұлғаның заң аясында жазасын алуын және оған титімдей де кешірімнің болмайтынын мәлімдеді.

10 жасар Бақтияр Болатты кеше, 17 қараша күні  таңертеңгілік уақытта Оқушылар сарайына барар жолдағы жолдан өту жолағында көлік қақты. Өкінішке орай, ауруханаға жеткізілгенімен, ақ халаттылар бүлдіршіннің өмірін сақтап қала алмады. 10 жасқа қазанның 26-шы жұлдызында толғанын айтқан оның тумалары кеше Бақтиярды қаққан 20 жасар келіншектің тумалары келіп кешірім сұрағанын айтты. Он – ақ жыл өмір сүрген жас ғұмырдың осылай қиылғанына сене алмайтындарын айтқан қара жамылған отбасы «кінәліге кешірім жоқ» дейді.

Марқұм Бақтияр №42 «Ақ ниет» гимназиясының 4 сыныбында оқыған. Мектеп директоры Ерік Жылқыбаев оның көп балалы отбасынан шыққанын және гимназияда үйдің өзге де балаларының білім алып жатқанын тілге тиек етті. Ата-анасы туралы да жағымды пікір қалдырған ол отбасына қайғыра көңіл айтып, бақилық болған балғын «өмірге құштар, қағылез бала болды» деп еске алды.

Осы орайда тәртіп сақшылары көлік тізгіндеушілерге сақтық шараларын ұмытпауға шақырады. Ақтық сапарға Бақтияр ертең шығарып салынады дейді ағайындары.

Айнара ИСА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
77 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
121 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»