КЕЛІСІМШАРТТЫҚ МІНДЕТТЕР ОРЫНДАЛМАҒАН
Келісім-шарттық міндеттемелердің орындалмауына байланысты Орал қаласының Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен «№1 Жолаушылар автокөлік мекемесі» ЖШС-і арасындағы жасалған шарт бұзылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы ретте ағымдағы жылдың 2 қазанынан бастап №3, №14, №35, №38 маршруттар бойынша қызмет көрсету кезектен тыс конкурс өткізілгенге дейін уақытша басқа тасымалдаушыға берілетін болады.
Орал қаласының маршруттық желісін оңтайландыруға байланысты, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі № 3К «Автосалон- Коминтерн ауылы», №37 «БҚО ІІД-6 ш / аудан» маршрутын жабу туралы шешім қабылдаған. Сондай-ақ №3 «Меловые горки – Мичурин» бағытындағы маршрутының ұзындығы қысқартылады. Енді №3 маршрут Меловые горки ауылынан бастап Коминтерн ауылына кіре отырып, Омега ауданында орналасқан Автосалон аялдамасына дейін жүреді. Аталған бағытта орташа сыйымдылығы 18 автобус 8-10 минут интервалымен қатынайды.
Бұдан бөлек қала тұрғындары және Мичурин ауылы тұрғындарының өтініштеріне байланысты Штыбы-Көкшетау көшесіне кіру арқылы №47 «Мичурин-Базар» қалалық маршруты қалпына келтірілмек. Бұл бағытта 10 минут аралықпен шағын кластағы 10 автобус жүретін болады.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Пікір үстеу