«Kaspi.kz» арқылы бопсалаған
Жақында тағы бір қылмыстың беті жедел түрде ашылды. Ақпанның 3 күні 26 жасар жігіт бопсалау арқылы бірнеше студенттің телефонын тартып алып, ішіндегі «Каспий kz» қосымшасы арқылы қаражаттарын өзіне аударып алған. Жәбірленушілердің ата-аналарынан келіп түскен арыздарға сәйкес күдікті азамат анықталып, ұсталды. Тексеру кезінде оның бұрын сотты болғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта бұл фактілер ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Назар аударыңыз! Алаяқтардан сақ болыңыз. Өз мүлкіңізге мұқият болыңыз!
БҚО ПД баспасөз қызметі.
Версия для печати
Пікір үстеу