«КАРАНТИНДЕГІ КАНИКУЛ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
«Батыс су арнасы» ЖШС және «Орал қаласы бойынша Су арнасының жергілікті кәсіподағы» жыл сайын тамыз айында «Мектепке жол» акциясын өткізеді. Оған қоса жазғы демалыс уақытында мекеме қызметкерлерінің балалары арасында байқау өткізіп, жүлдегерлерге мектепке қажетті құрал-жабдықтардан сый ұсынды.

– «Мектепке жол» акциясы аясында қызметкерлердің ішінен 3 және одан да көп балалары бар ата-аналарға, жалғыз басты аналар мен әкелерге, жесір аналар мен әкелерге 8000 теңге көлемінде ақшалай қаржы бөлініп келеді. Биыл пандемияға байланысты кәсіпорын қызметкерлерінің балалары туристік және сауықтыру лагерьлеріне жолдама ала алмады. Осыған байланысты біз он-лайн байқау өткізу туралы шешім қабылдадық, – деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз хатшысы Альфия Шамаева.
20 тамызында кәсіпорын қызметкерлерінің балалары үшін сурет, фото, видео және шығармашылық бағыттар бойынша «Карантиндегі каникул» байқауы жарияланған. 3 қыркүйек күні байқаудың қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер салтанатты түрде марапатталды.
Сурет байқауы бойынша бірінші орын 12 жасар Елнара Сейтжанқызына берілсе, екінші және үшінші орындарды Вера Соколова мен Дильнара Төлегенова алды. Осы бағыт бойынша Нұрхат Махутов, Аида Қуантай, Камилла Залмуканова ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Видео байқауда үш жастағы Амина Сыйлыбаеваның видеосы үздік деп танылды. 4 жасар Дильназ Оразғали – екінші, 7 жасар Полина Чебакова – үшінші орын алды. Каникулдағы қызықты сәтті түсірген Саят Серікбай мен Даяна Мантаковаға да ынталандыру сыйлығы берілді.
Ән айтып, би билеп немесе тақпақ оқып, шығармашылық байқауға түскендер арасынан 10 жасар Әсемгүл Махутова – бірінші, Дильназ Қошанова – екінші, Арина Калинина – үшінші орын алды. Өнерлі балғындар Айару Бақтығали, Ульяна Семенихина, Алевтина Калинина, Ульяна Доронина, Жәмиля Қожахметоваға ынталандыру сыйлықтары ұсынылды.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу