КАРАНТИН ҚЫСҚАРСЫН ДЕСЕҢІЗ…
Карантин қысқарсын десеңіз, бетіңізден бетпердеңіз түспесін. Бұл – коронавирустың таралуына жол бермеудің бірден-бір амалы. Бүгін де жалпыға бірдей ережені елемеген жүргізушілер мен жолаушылар мониторингтік топтың назарына ілігіп, айыппұл арқалады.

Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары қаладағы қоғамдық көліктерде санитарлық нормалардың сақталуын күн сайын бақылап отыр. Соңғы екі күн ішіндегі тексеріс нәтижесінде автобус салонының санитарлық жағдайы, жол жүру билеттерінің берілмеуі, жолаушылардың мөлшерден тыс мінуі, жеке қорғаныш құралдарын пайдаланбауы секілді 46 құқықбұзушылық анықталған. Нәтижесінде жүргізушілерге тиісті шаралар қолдану үшін мәліметтерд жауапты кәсіпорын басшыларына жолданды. Өрескел бұзушылықтарға жол берген автобустар желіден шығарылды.
Жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Алмаз Ахошевтың айтуынша, карантинге дейін 400-ден аса қоғамдық көлік қала тұрғындарына қызмет көрсетсе, қазіргі таңда 280-і ғана желіде жүр. Сейсенбі күні санитарлық талаптарды сақтамаған №7, 3, 1 бағыттағы 4 автобус желіден шығарылыпты. Әсіресе, Мұхит көшесі бойындағы «Орталық базар» аялдамасында халық көп шоғырланады. Сондықтан санитарлық нормалар дұрыс сақталмай отыр. Автобус жүргізушісі мен кондукторы маска, қолғапты тастамауы тиіс және жолаушылардың да күнделікті осы ережені сақтауын қадағалағаны жөн. Карантин ережелері жеңілдетілгенімен, еркінсуге әлі ерте. Санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс.
Тексеріс барысында аталмыш сала мамандары қаладағы «Мед.колледж» аялдамасына тоқтаған №5, 22, 3 автобустардағы санитарлық нормалардың сақталуын тексерді. Бір байқағанымыз, тұрғындар бейқам. Қоғамның ішінде коронавирус індетінің бар-жоғына сенбейтіндер бар, сенгендері болса індет мені айналып өтеді деген сенімділер бар. Маскасыз еркін жүргендерді көп кездестірдік. Ескерту берілгенде ғана, жанталаса қалталарын қарманып, әйтеуір табылғанына қуанып, тағып алуда.
– Күн сайын әр айналым сайын көлігімізге дезинфекция жасап отырамыз. Әр жолаушының маскамен кіруін талап етеміз. Кейбірі ескертуімізге құлақ аспай жатады, – дейді №5 автобус жүргізушісі Манас Иманғалиев.
Мониторингтік топ мүшелері бұдан соң №5 автобусқа отырып, әр аялдамадан ішке енген жолаушыларды бақылады.
– Күн ысыған соң автобустың іші ыстық. Бірақ, талап өзгермейді – қоғамдық орындар мен автобустарда міндетті түрде бетперде кию қажет. Тұрғындар ережелерді сақтамаған жағдайда қоғамдық көліктердің қозғалысы қайта тоқтатылуы мүмкін. Егер қорғаныш құралы болса, жұқтыру тәуекелі азаяды, – деп жолаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді сала мамандары.
Бүгінде өңірімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 500-ге таяды. Өсім қарқыны да өршіп тұр. Кейбір жолаушылар «қатты ыстықта қалай маска киіп жүруге болады?» деп таңқалса, кей кондукторлар «Маскаң жоқ деп қалай итеріп шығарып жіберуге болады?!» дейді қысылмастан.
Еске сала кетейік, коронавирус жұқтырудың өсімі 7 пайыздан асқан жағдайда карантин шаралары қайта қатаңдатылуы мүмкін. Сондықтан сақтық ережелерін сақтағанымыз абзал.


Кәусар БАЙҒАЛИЕВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу