«КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН САҚТАУҒА ШАҚЫРАМЫН»
COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар бойынша ресми деректер күнде жариялануда. Ауруды емдеу туралы ақпараттар да айтылып жатыр. Бір түсінбейтінім, ауру басталғаннан адамдар арасында сенімсіздік белең алды, әлі күнге жалғасып келеді. «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей, неге болып жатқан жағдайды көріп отырып, әркім өз қауіпсіздігі үшін сақтық шараларын алмасқа, неге тәртіпке қойылған талапқа бағынбасқа?!

Коронавирус елге тарай бастағаннан-ақ, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізді. Карантинді де жариялады.
Сырқаттың әрқайсысының клиникалық белгісі де түрліше өтіп жатыр, аурудың өршуі де, жылдамдығы да басқаша. Ағайын-туыс, бауырларыңды бұл індеттен сақтаудың жолы белгілі, жақыныңа жанашыр болу үшін үйде отыру керек. Мен мұны бауырларыма күнде әңгімелеп отырамын.
Даладан іздемей-ақ, таныстарымыз сырқаттанып пневмонияны басынан өткергендерін, бір жанұяда бірнеше адам қызу көтеріліп жатырғанын көріп отырмын.
Қазақ елі үшін барлық өндіріс орындарының жабылып, халықтың жұмыссыз қалғаны тиімді деймісіз? Әрине, жоқ! Билік өкілдері бұл індеттен құтылудың жолы мен халықтың денсаулығын қорғауды таңдап отыр деп
есептеймін. Бірлесіп қолдау танытайық!
Базарда, көшеде қаншама адамдар әлі күнге еркінсіп жүр. Бір сәт ойлануға шақырамын, ағайын. Карантин талаптарын сақтаңыздар!
Мына індеттен аман-есен құтылып, алаңсыз еркін жүретін кезеңімізге, жұмысымызға оралайық дегім келеді.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Сәуле КАРАБАЛИНА, ҚР Журналистер Одағының мүшесі
P.S. Елімізде аты жаман індет өршіп барады. Жақыны, туысы, танысы ауырып жатқанда, ертең мен де сырқатқа шалдықсам қайтемін деген үрей әрқайсымыздың бойымызды билеп алды. Дəріханалардың алды ұзын-сонар кезек, ауруханаларда орын жоқ. Осы себепті газетіміздің алдағы санынан бастап «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде…» айдарын ашып, сіздердің көкейтесті сұрақтарыңызға мамандардың кеңесін жариялауды жөн көрдік. Сіздердің ой-пікірлеріңіз біздер үшін маңызды. Сұрақтарыңыз бен ой-пікірлеріңізді zhaik_yni@mail.ru эл.поштасына жолдаңыздар!
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу