КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫ БАЛАЛАРЫНА АРНАУЛЫ ГРАНТ ЖАРИЯЛАНАДЫ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкіміне сәйкес жоғары оқу орындары арасында облыс бойынша көп балалы немесе атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға республикалық бюджет қаражаты есебінен жоғары білімді мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жарияланды. Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады.
Конкурс бойынша білім беру бағдарламасының 27 тобы бойынша 30 мамандыққа сай 100 грант белгіленген. Конкурсқа қатысу үшін жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» №122 бұйрығы талаптарына сәйкес құжаттарды тапсырады.
Оқу орындары конкурсқа қатысу үшін 2019 жылдың 25-30 шілде аралығында, 09000 индексі, Орал қаласы С.Есқалиев көшесі, 72 үйде орналасқан мекенжайда, облыстық білім басқармасына өтініш берулері керек.
Ал бұл қосымша гранттар мемлекеттік грант иегерлері анықталған соң талапкерлер арасында бөлінетін болады.
№ | Білім беру бағдарламасы тобының коды және атауы | Білім беру бағдарламасының атауы | Грант саны |
1 | В057 Ақпараттық технологиялар | Ақпараттық жүйелер | 3 |
2 | В060 Химиялық инженерия және процесстер | Органикалық және биорганикалық заттардың химиялық технологиясы | 1 |
3
|
В062 Электр техникасы және энергетика | Электр энергетикасы | 1 |
4 | В064 Механика және металл өндеу | Аспап жасау | 2 |
Машина жасау | 3 | ||
5 | В068 Азық-түлік өнімдерінің өндірісі | Азық-түлік өнімдерінің технологиясы | 3 |
6 | В075 Кадастр және жерге жерге орналастыру | Жерге орналастыру | 2 |
7 | В077 Өсімдік шаруашылығы | Агрономия | 1 |
Топырақтану және агрохимия | 1 | ||
Өсімдіктерді қорғау және карантин | 1 | ||
8 | В078 Мал шаруашылығы | Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы | 3 |
9 | В079 Орман шаруашылығы | Орман ресурстары және орман ісі | 2 |
10 | В080 Балық шарушылығы | Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау | 2 |
11 | В083 Ветеринария | Ветеринарлық медицина | 5 |
12 | В086 Жалпы медицина | Жалпы медицина | 35 |
13 | В001 Педагогика және психология | Педагогика және психология | 1 |
14 | В002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу | Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу | 3 |
15 | В003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі | 2 |
16 | В005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау | Дене шынықтыру және спорт | 2 |
17 | В009 Математика мұғалімдерін даярлау | Математика-Физика | 5 |
18 | В010 Физика мұғалімдерін даярлау | Физика-информатика | 2 |
19 | В012 Химия мұғалімдерін даярлау | Химия-Биология | 5 |
20 | В014 География мұғалімдерін даярлау | География-Тарих | 2 |
21 | В018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау | Шетел тілі: екі шетел тілі | 1 |
22 | В019 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау | Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану | 2 |
23 | В021 Орындаушылық өнер | Вокалдық өнер | 2 |
24 | В025 Дәстүрлі музыка өнері | Дәстүрлі музыка өнері | 2 |
25 | В027 Театр өнері | Режиссура | 1 |
26 | В028 Хореография | Хореография | 3 |
27 | В031 Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны | Дизайн | 2 |
Барлығы | 100 |
Версия для печати
Пікір үстеу