КҮНТІЗБЕЛІК ЖЫЛЫ АЛТЫ ЖАСҚА ТОЛАТЫН БАЛАЛАР АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚАЛАУЫ БОЙЫНША 1 СЫНЫПҚА БАРАДЫ
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Хабарламада айтылғандай, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 1-тармағына сәйкес, 1 сыныпқа оқуға алты жастан бастап балалар қабылданады. Аталған норма 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.
Білім беру ұйымына қабылдау ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Ереже) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Аталған Ереженің 9-тармағына сәйкес осы ретте мынадай құжаттар қажет:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026 / у-3 нысаны);
4) көлемі 3х4 см фотосурет – 2 дана.
Мектеп әкімшілігінің басқа да құжаттары ата-аналардан талап етуге құқығы жоқ.
Ереженің 9 тармағына сәйкес даярлық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымдарына қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қол жетімділігін қамтамасыз ете отырып, мектепке қабылдау нормасы сақталған.
2019-2020 жылғы 1 қыркүйекте 1 сыныпқа 6 жастағы балалар, сондай-ақ, ата-аналардың қалауы бойынша ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін алты жасқа толған балалар қабылданатын болады.
ҚР «Білім туралы» Заңының 30-бабына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту алты жасқа дейін отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, бес жастан бастап мектепалды даярлық сыныптарында, отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің мектепалды даярлық сыныптарында (лицейлер, гимназиялар) жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес мектеп жасына жеткен балаларды мектепке дейінгі ұйымнан шығару жыл сайын 1 тамызға дейін жүзеге асырылады.
1 қыркүйекте 6 жасқа толмаған балалар мектеп жасына толғанға дейін отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарында тәрбиеленіп, оқиды.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу