8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Сәуір 2021 1562 0
Өзек

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЕКІ ҚЫЗ БАЛА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН ЗАРДАП ШЕКТІ

Оралдағы Свердлов-Чуйков көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алып, екі қыз бала ауруханаға жеткізілді.

Оқиға бүгін, 14  сәуір күні сағат 8.10 шамасында болған. Қиылыста Лада Гранта және Мазда жеңіл автокөліктері соқтығысып, салдарынан Лада Гранта автокөлігінің ішінде болған кәмелеттік жасқа толмаған екі қыз түрлі дене жарақат алды. Олардың бірі – 2008ші, екіншісі – 2011 жылы туған. Қыздар ауруханаға жеткізілді.

-Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда. Жәбірленушілердің нақты диагноздары белгілі болғаннан кейін құқықтық баға берілетін болады, – деп хабарлады  БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

БҚО Полиция департаменті жол қозғалысы ережесін қатаң түрде сақтауға шақырады.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
125 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
369 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»