8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қыркүйек 2019 2004 0
Өзек

КӨЛІККЕ ТҮЙІСКЕН ЖЫЛҚЫНЫҢ ИЕСІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

БҚО полиция қызметкерлері жануарларға жарыққа шағылысатын белгі орнатуды ұсынады

Қыркүйектің  3 күні түнгі сағат 3.40 кезінде Батыс Қазақстан облысы  Ақжайық ауданы Чапаев ауылы маңындағы «Атырау-Орал» тасжолында «Toyota» маркілі автокөлігі жылқыға соқтығысқан. Апат салдарынан көліктің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді, олар медициналық тексеруден кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді. Сонымен қатар, көлік құралының иесіне материалдық шығын да келтірілген.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жылқының иесі анықталған кезде ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 633-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Көлік құралдарының қараңғы, іңір түскен уақытта және кешкі нашар көріну кезінде  жолды кесіп өтпек болған еркін жайылыстағы малға соқтығысу жағдайлары көптеп орын алып жатады. Мұндай оқиғалар қараусыз малды жайылымға жіберетін мал иелерінің салғырттығы нәтижесінде болады. Сондықтан олар жол-көлік оқиғаларының қатысушысы ғана емес, сондай-ақ қылмыс объектісіне айналады.

Жолдарда үй жануарларының қатысымен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу және оларды болдырмау, қараңғыда және көрінбейтін жерлерде жақсы белгілеу мақсатында үй жануарларына жарыққа шағылысатын «флипперлерді» қолданған жөн. Бұл жүргізушілердің назарын аударып, жолдағы оқыс оқиғалардың санын азайтады, сонымен қатар адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтайды.

Жарыққа шағылысатын  «қыстырғыштарды» малдың мойнына, сондай-ақ, үй жануарларының құйрығына байлауға болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
134 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
378 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»