КӨЛІК ӨРТЕНДІ
Оқиға кеше 28 тамыз күні Орал қаласындағы «Астана» сауда үй аялдамасы маңында болған.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен түскен мәліметке қарағанда кешкі 18.15-те «Астана» сауда үй аялдамасының маңында 2011 жылы шығарылған Hyundai Accent автокөлігі өртенген. Өртті сөндіруге жеке құрамның 6 адамы және 1 техникасы жұмылдырылды. Сағат 18.28-де от толығымен жойылды.
– Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлілер, келтірілген шығын анықталуда. Жыл басынан бері облыста көлік жанудың 63 дерегі тіркелді. Көп жағдайда шетелдік үлгідегі автокөліктер өртеніп отыр ,– деді Ж. Көпжасаров.
Төтеншеліктер қазіргі заманғы сериялық машиналардың материалдар отқа төзімді емес екенін және олар өрт шыққан жағдайда бірнеше минут ішінде толық жанып кетуі мүмкін екенін ескертіп, автокөлік иелері өздерінің өрт себебі болуы мүмкін автомобильдеріне де аса назар аударуы қажеттігін айтады. Уақтылы техникалық тексерулер жүргізу, бөгде иістерге, жалғағыш түтіктердің герметикалығына, жекелеген жүйелер мен агрегаттардың дұрыс жұмыс істеуіне назар аудару қажет.

Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу