КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ
Бүгін қала әкімі Мұрат Мұқаев шаһардағы су тасқыны ықтималдылығы бар аудандарда болып, тасқынның алдын алу жұмыстарын пысықтады.

Қазіргі уақытта қаладағы коммуналдық мекемелер күшейтілген жұмыс режимінде су тасқынының алдын алу шараларына кірісті. Өткен жылдың 20 қарашасынан бастап «Жайық таза қала» ЖШС екі ауысыммен тәулік бойы қар шығаруда. Бүгінге дейін 600 мың текше метрден астам ұлпа арнайы полигондарға төгілген.

– Қардың көп түсуіне байланысты су тасқынының алдын алу жұмыстары жылдағыдан ертерек басталды. Қазіргі таңда қаламызда 150-ге жуық техника қар шығаруға жұмылдырылды. Сонымен қатар облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қосымша 50 техника тартылды. Яғни қалада 120-дай жүк көлігі мен 40-тан аса тиегіштер бар. Негізгі судың ағыны «Сарытаудағы» Желтауынан келеді. Сондықтан еритін қарға із салу үшін арық қазылуда. Бұл жұмыстар 10 шақты күн ішінде аяқталады. Оған қоса 92 шақырымдық арық жүйесі бар. Қазір оның 45 пайызы тазартылды. Екі апта ішінде мұны да аяқтап, судың тоқтаусыз, өтуіне жағдай жасауымыз керек, – деді қала әкімі М.Мұқаев.

Сонымен қатар Мұрат Рахметұлы қаладағы ПИК-тердің қар шығару жұмыстарын қадағалады. Мәселен, Зашағанда 3 ПИК, 1 басқару компаниясы бар. «Геолог» ПИК-і 26 үйге қызмет көрсетеді. ПИК төрағасы Иван Иманқұловтың айтуынша, басым бөлігінде үй шатырларының қарлары тазаланып, мұздақтары түсірілген. Аулаларда да қар тазалануда.
– Биыл жауын-шашын біраз әуреге салғаны рас. ПИК-та 16 қызметкер бар. Қар тазалау жүйелі жүргізілуде. Жәңгір хан көшесіндегі 11-үй, 25-ші Чапаев дивизиясы 3-үй, 2-линейная көшесі 1, 3, 50-ші үйлер төбесін толық тазаладық. Ертең 2-линейная 23-үй төбесін тазалауға кірісеміз, – деді Иван Абдрахманович.

Қала ішінде су басу қаупі бар 20-дан аса аймақ анықталған. Шаһар басшысының мәліметінше, «Ескі қала», «Сарытау», «Көкжиек», «Сарыарқа», «Жұлдыз», «Ет комбинат», «2-ші жұмысшылар» және басқа да аумақтар бойынша коммуналдықтар қар шығару жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ мекеме-ұйымдар, жеке тұрғын үй секторлары мен ПИК-тер өздеріне тиесілі аумақтар бойынша қар тазалау жұмыстарын күшейтуі қажет.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу