8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Ақпан 2024 2539 0
Қалалықтар қаперіне

«Көктем-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті

Бүгін облыс аумағында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға дайындығын жетілдіру мақсатында республикалық «Көктем-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті.


Оқу-жаттығудың мақсаты – облыстық азаматтық қорғау жүйесінің көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын тексеру.

8-9 ақпан күндері тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мен жол қызметтерінің дайындығын тексеру мақсатында азаматтық қорғау қызметтерінің көктем кезеңіндегі түрлі сипаттағы төтенше жағдайларға тәжірибе түрінде әрекет ету жұмыстары пысықталды.

Жалпы жаттығу барысында 52 кіріспе пысықталып, оның барлығы да тәжірибе жүзінде нақты су тасқынының алдын алу жұмыстары, яғни, арықтарды, каналдарды және су өткізу құбырларын қардан тазалау, елдімекендерден қар шығару, мұз кесу, бұрғылау, қапшықтарды инертті материалдармен толтыру тағы басқа жұмыстары жүргізілді.

Оқу-жаттығу барысында 20 мың т.м. астам, жалпы қыс кезеңінде 400 мың т.м. астам қар шығарылды, 71,6 км. арықтар мен елдімекендердегі 532 су өткізу құбырлары қардан тазартылды, 10 мыңнан астам қапшыққа кұм толтырылды, 2500 ш.м. көлемде мұз бұрғыланып, 39 мыңнан астам ш.м. көлемде мұз кесілді.

Жаттығуды өткізуге барлығы 244 бірлік техника, 942 адам жұмылдырылды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
14 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
23 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
26 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
31 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
93 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
68 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»